Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ХАЛЫҚ ЕМШІЛІГІНІҢ БОЛАШАҒЫ


23 сентября 2010, 19:14 | 3 151 просмотр



Әлімсақтан келе жатқан халық емшілігінің базбір кезеңдер

де саясат салқынынан қағажу көріп, тозаңданып, ел

жадынан ұмытыла бастағаны да шындық. Ғарыштық қуат, көріпкелдік, болжампаздық, жұлдызнамалық, құмалақшылық, жауырыншылық қияли тірлікке баланып, ем түрінен мансақталуға дейін жетті. Қағажу көрген бұл салалар қазір де толық мәніне ие емес. Тек бұл салалар ма? Ғасырлар бойы халық емшілігінің сынынан өткен әуезбен, балмен емдеу, мануальді терапия, фитотерапия, биоэнергетика сынды шипалық нәтижелері жоғары ежелден белгілі емдер де әлі жетілдіре түсуді қажет етеді. Негізгі себеп емшіліктің тарихи бастауы –халық емшілгінің тереңдей зерттеудің кемшіндігі деп ойлаймын. Рас, бұл тақырып қайбір емші мамандардың, халықтық шипагерлердің тарапынан зерттеу, ұсыныс, ем ретінде баспасөз бетінде аракідік жарияланады. Бірақ, олар түбегейлі толғамды ем ретінде қолданылып, насихаттала бермейді.

Халық емшілігі жайлы көріпкел, бол­

жампаз бабалардан, шипагер даналардан қалған жазбаша, ауызша, тарихи дерек­тер, мол мұралар бар.Олар өркениетті ел мұражайларында, ел есінде сақтаулы. Тек жетпей тұрғаны –соларды мейлінше жинақтап жүйелеу, мәні мен маңызын елге түсіндіру, емдік игілікке пайдалану. Бұл тақырыпқа түрен салып орамды ойларын, пісіп жетілген пікірлерін қалың қазағына мұра етіп қалдырған Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Ақжан Машани сынды тағы басқа да ұлы тұлғаларымыздың қадау-қадау жазбалары бар. Оларда Қойлыбай бақсы. Абылай ханның жұлдызшысы Байыс, Мөңке би, Маңқы би, Бекет әулие, Бұқар жырау сынды өзге де халыққа аты кең жайылған қыдыр дарып бақ қонған көріпкелдер мен данагөйлердің өрнекті өсиеттері мен сөздері істері сөз етіледі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлер тарапынан айтылған болжампаздық, көріпкелдік, жұлдызнамалық, құмалақшылық, тағы басқа дақа сиетті емдік бастаулар қаншама.

Шығыс медицинасының аталары саналатын екінші Аристотель атанған жерлесіміз Әбу Насыр Әл- Фараби, Бұқара, Самарқан, Хорезм, тағы басқа шаһарларда атақ-данқы жер жарған Ибн Сина, туған жеріміздің төл перзенті Өтейбойдақ Тілеуқабылұлын, ХV ғасырда өмір сүрген француздың жұлдызшысы-сәуегейі Нострадамусты, болгарлық Ванга әжейді халық емшілігі жолындағы көріпкелдер, болжампаздар, ке­ремет иесі деуге болмай ма ? !

Ия, қиян бастауы бар халық емшілігі жайлы, тарих қойнауына сінген атақтары аңызға айналған емшілер жайлы мысалдарды ұзақ жыр сонар етіп айтуға болады.

Ендігі мәселеміз- бедерлі тарихы мен қасиетті емі бар дәстүрлі халық медицинасын жандандыра түсу, оның оңтайлы жолдарын қарастыру мен жетілдіру. Осы мәселенің әлі де жандана түсуіне билік пен медицина салсындағы басшылардың, көпшіліктің мейлінше назарын аудару.

Сөз реті келген соң, өткен ғасырдың 90- жылдарының басында Қазақстан Халық емшілері ассоциациясын құрған, қазір сол құрылымның президенті, халық медицинасы жайлы жазған он кітаптың авторы Зядан қажы Қожалымов жайлы айрықша сөз ету жөн

сияқты.

Алла, дін жолын, Құран кәрімді, емшілік

жайлы жазылған әр кездегі батыс, шығыс әдебиеттерін терең зерттеп өз дүниетанымын биік қалыптасытырған ғылымгер азамат қазақи халық медицинасының кенжелеп қалғанын аңғарады. Оны көтерудің сара жолдарын іздестіреді. Көне жазбалардан, мұражайлардан, ел аузынан, білікті ғалымдар мен ғұламалар шығармашылықтарынан деректер жинайды, оларын салыстырмалы тәжірбиелік әдістермен зерттейді. Нәтижесінде көптеген құнды қорытындылар, түйіндер жасайды. Мысалы, оташылық пен құмалақшылықтың тұқым қуалайтын құпиялы қасиет екенін, тамыршылдықтың тұқым қуалап, әрі оқып үйренетін ілім екенін, көріпкелдік пен телапатияның бір-біріне тәуелділігін айғақтайды. Көріпкелдік, болжампаздық, жұлдызнамалық, жауырыншылық, әуез терапиясы, балмен емдеу, мануальді терапия, биоэнергетикалық, фитотерапиялық емдер жайлы да жүйелі түйіндерді жүлгелерін айшықтай түседі.

Ауруды берген Алла, оның емін де берген. Тек жөнін, жолын таба білу керек. Осы қағиданы бағдар тұтқан Зядан қажы Қожалымов ғылыми медицинамен салыстыра отырып, халық емшілігін зерттеуге, елімізде оның емшілік құрылымын жасақтауға айрықша ізгі ниетпен кіріседі.

Халық шипагерлігі халықтың қанымен

аралас, ұрпақтан ұрпаққа берілетін тектік қасиет, қазақ халқының шипагерлік ілімін дамытуда, ХV ғасырда өмір сүрген Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының да орны бөлек. «Менен ұрпақ қалмаса күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ» деп өсиет ретінде қалдырған бес мың беттік қолжазбасында ол дала тәжірбиесі арқылы көптеген емдердің түсін түстеген.1108 түрлі дәрі-дәрмек түрін, 858 түрлі дәрілік өсімдік пен базбір жан-жанарлар мүшелерінің емдік қасиеттерін анықтаған. 1050 түрлі шипа- ем атын, 4577 шипалық дәрілік рецепт әзірлеген адамның сыртқы және ішкі ағзаларының анотомиялық-тұлғалық атауын жазып қалдырған.

«Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» өсіп-өркендеу жолдарының түбегейлі даму жоба жоспарын жасап, бірнеше жүздеп саналатын халық емшілері сарбаздарын бір ұяға ұйымдастырып терең де, мәнді тәрбие бағыт беріп отыру оның қызметінің өркендеуі мен болашағының мықты болуына және халық емшілігін дамытуға үлкен үлес қосатындығын айқындай алады. Болашағы бар халық емшілігі, қолдаушысы барда өркениетті болмақ.

Автор:
(Жалғасы бар). Ақынбеков Мейірбек жазушы - журналист, ҚХЕҚ «Құрметті мүшесі»