Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖИТС-ке қарсы күрес – баршаға міндет


24 октября 2019, 09:12 | 764 просмотра



Өткен аптада Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Әйгерім Сұлтанова мен Меруерт Чажаева, дәрігер-фтизиатр Бақыт Керуенова Кеген және Райымбек аудандарына арнайы сапарлап, АИТВ жұқпасының алдын алу жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Алдымен аудан орталықтарындағы аудандық ауруханалардың медицина қызметкерлері арасында, сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімінде, «Қазақтелеком» АҚ, Жұмыспен қамту орталығы, ХҚКО қызметкерлерімен қатар №2534 және №97617 әскери бөлімдер қызметшілері арасында АИТВ жұқпасының алдын алу мәселелері бойынша бірқатар семинарлар өткізді. Сондай-ақ, ауылдық мектеп оқушыларымен кездесіп,  жас ұрпақтың АИТВ жұқпасы жайлы түсінігін толықтырды.

Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – тұрғын халық пен оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру,   денсаулықты сақтау мәселелеріне назар аударту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.

АИТВ жұқпасының берілу жолдары және алдын алу әдістері туралы сұрақтар қойылған викторинада әрбір қатысушы дұрыс жауап үшін жүлде алды.

Іс-шараларға барлығы 400-ден астам адам қатысты, олардың барлығына АОҚ таратылды.

Автор:
Г.Таубайқызы