Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қыз болашағы-ел болашағы


15 октября 2019, 12:28 | 149 просмотров



Дүниежүзілік сүт безі обыры  ауыруының алдын алу бойынша  «Ескерту – түзетуден оңай»Ұлттық бағдарламасы бойынша15-17 жастағы жасөспірімдер  арасында Ш.Уалиханов атындағы орта мектепте жас маман  Теңізбай Райхан мен  медбике  Умбеткулова Акбаян  тренинг ұйымдастырып өткізді.Тренингқа аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің мамандары: Гүлмира Сабазқызы және Лаззат Самавантқызы қатысты. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байтулакова Арай тренинг бағдарламасы мен келген қонақтарды таныстырып өтті.

Жас маман Теңізбай Райхан Қыз болашағы-ел болашағының мақсаты-студентттік өмір,саяхаттау, карьера құру,білім алу,жұмысқа орналасу,отбасына,бауыр-туыстарына көмектесу  т.б.

СӨС маманы «Жүктіліктің алдын алу, тұмау, Қатерлі ісіктің, оның ішінде, сүт безі обырының пайда болуына дұрыс емес өмір салты қалай әсер етеді?» тақырыбында  слайд  көрсетіп,оқушылармен  «Ерте жүктіліктің етек алуына кімді кіналаймыз?, Ақыл емес сезім басқарып ерте ұрынған жағдайда не істеу керек?, «Қызды қырық үйден тыю», «Қыз бала ұлттың,халықтың  шырайы», «Еркекке емес екі босағаңа сен?» сұрақтарына  жауап  алу арқылы пікір алмасып, сүт безі обырының пайда болу қаупіне өмір салтының әсер ету мәселелері бойынша  хабарламалар жасалды. Бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық оқыту материалдар парақшалар таратылды.

Автор:
Гүлмира Оразбақова, СӨС бөлмесінің валеологы ШЖҚ « Панфилов көпсалалы ауданаралық ауруханасы» КМК.