Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Достар, сіз телеграм қосымшасындағы egovkzbot-тан түрлі анықтамаларды алып, сервистерді пайдаланып көрдіңіз


9 октября 2019, 10:00 | 436 просмотров



Енді дәл солай қызметтерді танымал facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы алуға болады. Әзірге ВКонтакте жүйесінде 19, Facebook арқылы 15 қызмет қолжетімді.

Facebook арқылы қызметтерді алу үшін әлеуметтік желінің мэссенджерінде «Портал egov.kz» жазуын енгізіп, бот сілтемесін басыңыз. Сізге бірден қызметтер мәзірі шығады.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі сервисті қолдану үшін онда «Портал eGov.kz» аккаунтын тауып, хабарлама жазатын жерде диалог терезесін таңдаңыз, қажетті қызметтер мен сервистерді алу үшін сізден ЖСН мен телефон нөмірі сұратылатын болады.

 Әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызмет боттарын смартфоннан да, ноутбуктен де бірдей пайдалануға болады!

 

Автор:
«Государственной корпорации» Правительство для граждан» по Алматинской области