Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ақтөбедегі жол апаты: Бір оқушы жансақтау бөлімінде жатыр


7 октября 2019, 15:17 | 54 просмотра



Ақтөбедегі жол апаты кезінде бір оқушы ми жарақатын алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрігерлер жол апатына ұшыраған әр оқушыны қарап шықты. Бір бала ми жарақатымен жансақтау бөліміне түсті. «Ми жарақаты, мидың жұмсақ тіндері кесілді. Жағдайы тұрақты. Оперативті емге дайындалып жатыр. Тағы бір оқушы травматология бөліміне түсті. Оның қолында кесілген жарақат бар. Балаға хирургиялық ота жасалады. Тағы екі баланы ауруханаға жатқызу мәселесі қарастырылып жатыр. Өміріне қауіп төніп тұрғандай ештеңе жоқ. Барлығы 8 ата-ана әкелінді, оның үшеуі травматологияда ем қабылдайды», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Автор:
https://jasqazaq.kz