Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Тұмауға қарсы егілейік!» атты акция Жамбыл ауданында


7 октября 2019, 10:43 | 560 просмотров



Тұмау – бұл жұқпалы ауру, ол адамға ең алдымен жөтелу, түшкіру және тығыз байланыста болған кезінде беріледі. Тұмаудың клиникалық белгілері өткір дамиды және бірнеше күннен екі аптаға дейін созылуы мүмкін. Ең жиі безгек, жөтел, дененің әр түрлі учаскелерінде ауырсыну, бас ауруы сияқты симптомдар байқалады. Тұмау жұқпасы, әдетте, жеңіл ағыммен сипатталады және асқынуларға әкеп соқпайды, алайда, қарт адамдарда, денсаулығы нашар адамдарда ауру ауыр дамиды. Әсіресе, созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдарда (мысалы, жүрек-қан тамырлары ауруларынан, өкпе ауруларынан және қант диабетінен) ауыр.

Маусымдық тұмауға қарсы екпе – бұл тұмау вирустарынан туындайтын, соның ішінде ауыр нәтижемен жұқпа жағдайларының алдын алудың қауіпсіз және тиімді шарасы.

 2.10.2019ж. Жамбыл аудандық ауруханада тұмаудың маусымдық кезеңі басталуына орай "Тұмауға қарсы егілейік!" атты акция өтті. Акцияға аудан әкімі Б.Б. Әлиев, «Нұр Отан» партиясының төрағасы, ардагерлер қоғамының төрағасы,  аудандық ТКҚСҚББ басшысы З.К.Куштекова, аудандық аурухана директоры Д.А. Сураужанов қатысты. Акция барысында   медицина қызметкерлер  халыққа  Тұмаудың алдын алу және екпенің маңыздылығы туралы түсіндіріп, ақпараттық парақшалар, буклеттер таратты. Осы куннен бастап Жамбыл ауданында тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды.

 

 

Автор:
Сатова А.К.СӨС кабинетінің валеологі Жамбыл аудандық аруханасы