Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сүт араласқан саумал неге әкеледі?


4 октября 2019, 10:42 | 78 просмотров


          Саумал – жаңа сауылған бие сүті. Адам ағзасына тез сіңіп, түрлі асқазан, ісік ауруларына ем. Қан құрамын реттейді. Тіпті белсіздікті жояды дейді мамандар. Соңғы жылдары "Саумалмен емдеу" орындары, нақтырақ айтқанда, биебаудың басынан саумал ішетіндер көбейді. Бұл бір жағынан қуанарлық, қызығарлық, құптарлық жағдай. Дегенмен бүгінде осы саумал сататын орындарда адам деңсаулығын ойламай, тек өздерінің пайда көздерін ойластырған сатушылар осы саумалға сиыр сүтін араластырып сатуды әдетке айналдырған. Саумалға қосылған сиыр сүті бруцеллезбен ауырған сиыр болса, бұл адамдардың саумал ишип жазылғаның орына бруцеллез жұқпасын жұқтыру қаупі бар. Бруцеллез жұқпасы адамнан адамға жұқпайды, тек 100% ауру жануарлар мен одан алынатын өнімдерден (сүт, ет, жүн) жұғады.

        Соңғы жылдары Талдықорған қаласында адамдар арасында бруцеллез ауруы кең таралуда.  Осы 3-4 жылдың өзінде  64  науқас сырқаттанып,  оның ішінде балалар арасында  – 5  жағдай тіркелді, бұл дегеніміз 5 бала мүгедектікке ұшырады деуге болады.

           Тіркелген  науқастардың 70% мал асырамайтын, көп қабатты үйлерде тұратын адамдар. Бұл адамдардың үйде мал асырамасада бруцеллезбен ауырғандығы жабайы сауда орындарынан бруцеллезге тексерілмеген, піспеген сүттен жасалынған кілегей, құрт, май сатып алғандығы.  

          Бруцелла бактериясы суда-3 айға дейін, мұз болып қатқан етте 10 айдан көп, сүтте 10- 30 күн, топырақта 1,5-6 ай, брынза, май, сыр, айран өнімдерінде 3-4 ай, етте-12-47 күн, тұздалған теріде 2 ай, жүнде 2-3 ай сақталады. Бруцеллез қоздырғыштары ауру малдың етінен де, сүт өнімдерінен де жұға береді. Сондықтан сүтті тек қайнатылғаннан кейін ғана пайдалану қажет, шикі немесе шала піскен етті жеудің қатерлі екенін естен шығармау керек.

          Ауру сырқаттың барлық мүшесіне зиянын тигізеді. Атап айтсақ, буындардың, жүрек қан тамырларының, демалу және ас қорыту жүйелерінің, зәр шығару органдарының, орталық жүйке жүйесінің, лимфа түйіндерінің, көк бауырдың жұмысын нашарлатады, көз бен құлақтың көру және есту қабілеті төмендейді. Егер толық ем қабылдамаса, адамның мүгедек болып қалуы ықтимал.

Бруцеллез аурудың негізгі белгілері мыналар: дене қызуының ұзақ уақыт көтерілуі, қалтырап тоңу, бастың ауыруы, әлсіреу, дененің түршігуі және қатты терлеу, әсіресе түнге қарай, бірнеше аптадан соң буыңдар ісініп ауыра бастайды. Егерде де осы айтылған белгілер сізді мазаласа дәрігерлік көмекке жүгінгеніңіз дұрыс.

ЕСКЕРТУ: Бруцеллез жұқпасымен ауырғыңыз келмесе жабайы саудада сатылатын  қауіпті "қолдың сүті", «сиыр сүті қосылған саумал», «қымыз», «шұбат», кілегей, май сатып алмаңыздар.  Сізге құйып берген сүттің ыдысын          қоқыстың арасынан жинап әкелуі де әбден мүмкін. Сондықтан да шикі ет және  сүт өнімдерін тек арнайы дүкендерден алыңыздар, ал саумал ішкілерініз келсе  көзбе көз бие сауылған жерден ішіңіздер.

          Құрметті тұрғындар бруцеллез жұқпасы бойынша сұрақтар болған жағдайда «Талдықорған қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына» эпидемиологиялық қадағалау бөліміне

244663, 242299 телефонына хабарласыныз.

Е.Асимкулов,

«Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы «Тазалық» БПҰ мүшесі.

                                             

 

Автор:
Е.Асимкулов,