Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Өзіңіздің жүрегіңізге өзіңіз көмектесіңіз!


4 октября 2019, 10:41 | 82 просмотра


Дүние жүзі бойынша  және  соның ішінде Қазақстан мемлекетінде жүрек қан тамырлары аурулары бүгінгі күнде негізгі  сырқаттардың біріне айналып отыр. Жыл сайын 50000 астам қазақстандық, өкінішке орай,  осы ауру кесірінен өмірмен қоштасып, көз жұмып жатыр.

   Жүрек қан тамырлары ауруларының ішінде жетекші орынды -жедел коронарлы синдром  ауруы белгілері алып отыр.Мұндай жағдайда  жедел түрде емханаға жатқызылу керек екендігін естен шығармау керек.

   Жедел коронарлы жүрек қан тамыры ауры белгілері білінген жағдайда  миокард  инфарктісі ауруының немесе стенокардия ұстамасы басталған-

дығының белгісі деп білген дұрыс.

  Жедел коронарлық синдром кезіндегі кеуде тұсының ауырсыну сипаттама-

лары:

  Тыныш қалыпта кеуденің орта тұсының немесе оның сол жақ иыққа,қолға, мойынға, астыңғы иекке,жауырын аралығындағы кеңістікке, көкірек өріміне қарай ұзақ қарқынды 20 минуттан аса ашытып ауыруы.

  Егер кеуденің ауыруы 20 минуттан аса жалғасатын болса, дене жүктелімін тоқтатып, төсекке жатып, тынышталу керек.

  1. Емделушіге аспирин дәрісін қабылдау керек. 160-325мг (0,5-1 таблетка) шайнап, жұтып қою керек.
  2. Тілдің астына (қайталап) нитроглицерин салу керек ( егер АҚ 90 мм сн.бағ.төмен болмаса)
  3. «103 жедел медициналық жәрдем» бригадасын дереу шақырту керек.

 

Ауруды ерте анықтау үшін өзіңіз тіркелген емханада ( скринингтен) алдын алу медициналық тексеруінен міндетті түрде өтіңіз!

Жүрек қан тамыр ауруларының дамуына жол бермеу  мүмкіндіктерінің барлық түрін жасаңыз!

Осы аурулар туралы барынша көп біліп, олардың туындауына жол бермеу шараларын үйреніңіз!

 

Есте сақтаңыз!

  Кеудеңіздің ауыруы- дене  жүктелімін тоқтатып, дереу дәрігер-

ге жүгіну керектігінің белгісі!

 

 

Автор:
А.В. Валиев СӨС кабинетінің дәрігері Жамбыл ауданы.