Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Медициналық сақтандыру қорыеліміздіңмедициналықұйымдарына 697 млрд теңгетөледі


27 сентября 2019, 07:35 | 1 204 просмотра



"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ Қазақстанның медициналық ұйымдарына халыққа көрсетілген қызметтер үшін 697 млрд теңге төледі. Төлемдер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) қаржыландыру шеңберінде жүргізілді.

Жұмыс медициналық көмек көрсету кестесіне сәйкес жалғасуда, бөлінген сома медициналық ұйымдардың операциялық шығындарын жабу үшін жеткілікті.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Раймбекұлы Құралбек атап өткендей: ағымдағы жылдың 8 айында облыстың медициналық ұйымдарына 52 млрд теңгеден астам қаржы төленді.

Естеріңізге сала кетейік, қор 2018 жылдан бастап ТМККК қаржы операторы болып табылады және Қазақстан Үкіметі белгілеген шекте халыққа медициналық қызметтерді сатып алады.

 

 

Автор:
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облысы бойынша филиалыХалықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімі.