Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ротовирус жұқпасының алдын алу


27 сентября 2019, 07:33 | 808 просмотров



Ротовирус төменгі температураға төзімді. Көбінесе 1 ден 3 жас аралығындағы балалар осы инфекцияға сезімтал.

Ротовирусты инфекция кезінде – уыттану белгілері, асқазан-ішек жолдарының зақымдалуы, жоғарғы тыныс жолдарының катаральды өзгерістері байқалады. Диарея «іш өту» белгілері бар науқастың нәжісін зерттеу кезінде электронды микроскоп арқылы, ротовирус қоздырғышы анықталады.

Инфекцияның жұғу көзі – тек науқас адам ғана емес, дені сау, бірақ ағзасында ротовирус анықталатын адам болып табылады, сондықтан бір жасқа дейінгі балалар көбінесе ағзасында ротовирусы бар анасынан жұқтырады. Соңғы кездегі зерттеулерге қарағанда ротовирус өзінің өмір сүру қабілеттілігін 10-15 күннен 1 айға дейін сақтай алады.

Жұқтырған сәттен бастап, алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт бірнеше сағаттан 3-5 күнге созылады. Ауру жедел басталады.

Аурудың алғашқы белгілері: мұрыннан су ағу, жұтыну кезінде тамақтың ауруы, жөтелмен басталады, кейін дене қызуының көтерілуі қосылады.

Кейбір ата-аналар осындай қатерге ұшырамау үшін инфекцияның қайдан және қалай жұғатынын білгісі келеді. Вирусты фекальді-оральды жолмен жұқтырып алуға болады, немесе кір қол, жуылмаған жеміс-жидектер, тазартылмаған су- бұлардың барлығы жиі кездесетін әдістер, сонымен қатар ауа-тамшылы жолмен да инфекцияны жұқтырып алуға болады. Тәжірибе көрсеткендей бұл вируспен жанасқан кезде 70 %-ға дейінгі балалар тез қабылдап алу қабілеті жоғары, бұл жағдай әсіресе күзгі-қысқы уақытта байқалады, себебі ротовирус суыққа төзімді. Өкінішке орай баланы ротовирус инфекциясынан оқшаулау өте қиын. Жалпы қолданылатын жеке және үй гигиенасы баланы аурудан сақтап қала алады. Ротовирус санитарлы тазалыққа, әсіресе жуғыш заттарға да төзімді. Сонымен қатар, ауырған бала бір айға дейін, кейде одан да көп уақытқа инфекцияның тасымалдаушысы болып табылады.

Балада бірінші өзерістер пайда бола бастаған кезде дәрігерге көрінуі керек.

Диетаға көп көңіл бөлу керек, баланы жиі және аз мөлшермен тамақтандыру керек. Тамақ көбінесе қайнатылған – ботқа, вегетериандық сорпа, жемістен жасалған пюре, печенье болу керек. Рационнан сүтті тағамдарды, шырынды, етті тағамдарды алып тастау керек.

Ауруды қалай жою керек?

Ротовирусқайнаған суда тез өледі. Барлықішетін суды қайнатукерек, ылғи қолды жуып тұру керек.

«Талдықорған қалалық тауарлар

мен көрсетілетін қызметтердің сапасы

мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ

басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы

«Тазалық»БПҰ мүшесі                                                                   Е.Асимкулов

 

 

 

 

Автор:
Е.Асимкулов