Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Медициналық сақтандыру


27 сентября 2019, 07:27 | 1 204 просмотра



Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Медициналық сақтандыру міндетті және ерікті сақтандыру жолымен жүзеге асырылады.

     Міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бір бөлігі болып табылады және мұнда сақтандыру жарналарын жұмыс істеуші азаматтар үшін кәсіпорынның, ұйымның, басқа да жұмыс берушілердің қаражатынан төленеді, ал еңбекке жарамсыздар, жұмыс сыздар үшін тиісті деңгейдегі бюджеттерден қаражат аударылады. 

     Ерікті медициналық сақтандыруда сақтандыру тарифтері сақтандырушы ұйым мен медициналық мекеме арасындағы келісім бойынша белгіленеді. 

    Медициналық сақтандыру - бұл жұмыс берушілердің, азаматтардың сақтық жарналары мен бюджеттік қаражаттар есебінен сақтандырылған адамдарға зиянның орнын өтеу үшін және медицина мекемелерінің шығындарының өтем ақысын төлеу үшін ауырған, жарақат алған жағдайда денсаулықты қаржыландыру жөніндегі қатынастар. Ол әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар елдердің сақтық қорғауы тұтас жүйесінің міндетті атрибуттарының бірі болып табылады.Медициналық сақтандырудың екі түрі бар: міндетті және ерікті.

   Міндетті медициналық сақтандыру кезінде заңнамамен барлық азаматтар үшін бюджетке төленетін аударымдардың бірдей мөлшерлемесі белгіленеді, соның есебінен денсаулық сақтауға жұмсалатын ақшалай қор қалыптасады. Мұндай жүйе халықтың барлық жіктері үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді.

  Міндетті медициналық сақтандыру дамыған елдердің көпшілігінде бар және азаматтардың денсаулығын қорғауға арналған конституциялық құқығын іске асыруға бағытталған.

   Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып табылады. Ол сақтық төлемақыларды, яғни медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын өтемді, жүзеге асыруды қарастыратын жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып келеді.

1 қаңтардан бастап салық органдарында тіркеудің жеңілдетілген тәртібін көздейтін жаңа құқықтық режімді, яғни Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) енгізді.


Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер үшін кіріс салығы және әлеуметтік төлемдер бойынша ең төмен ставкалар республикалық маңызы бар қалаларда, Астанада және облыстық маңызы бар қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш (2 525 теңге), басқа елді мекендерде - 0,5 АЕК/1262тенге 50тиын/ деңгейінде белгіленді. Бірыңғай жиынтық төлемнің үлесі: жеке табыс салығы - 10 пайызды; - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар - 20 пайызды; Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдері - 30 пайызды; Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар 40  пайызды құрайды.

 

Автор:
Терапевт дәрігер Нурбаев А.С. , СӨС кабинетіЖамбыл ауданы.