Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

котыр (чесотка)


27 сентября 2019, 07:21 | 1 243 просмотра



Тері жұқпалы ауруларының бірі қышыма котыр (чесотка). Оны қышыма қотыр кенесі таратады. Қоздырғыш адамның  терісіне жұққан сәттен-ақ өзіне “жайлы орын” жасай бастайды. Ұрғашысы адамның терісіне енгеннен кейін жылдам көбейеді, яғни теріге жұмыртқа салады. Бірер күннен кейін онысы құртқа (личинка- айналып, бір аптадан соң ересек қотыр кенелер пайда болады. Демек қышыма кене адам үшін өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2-0,5 миллиметрден аспайды, сондыққтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма қотыр адамнан адамға жылдам жұғады. Әсіресе отбасы мүшелеріне тез тарайды. Яғни қышымамен ауырған адаммен тікелей қарым-қатынаста болғанда, сондай-ақ олардың пайдаланған төсек орындарын, іш киімдерін, киім-кешектерін, сүртінетін орамалдарын, жөкелерін, қолғаптарын, басқа да заттарын пайдаланғаннан жұғады. Сондықтан тиісті тазалық талаптарын сақтау қажет, деп жазады медицина ғылымдарының докторы Жасан Зекейұлы. Қышыма адамға үй жануарларынан жұғуы да мүмкін. Қышыма кене мал денесіне де жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әрекетінен денеде  қотыр пайда болады. Сондай-ақ тазалық-індет тәртібін сақтамаған жағдайда қышыманы моншадан, душтан, жатаханадан, пойыздан, қонақ үйлерден яғни кез келген жерден жұқтырып алуыңыз мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі 7 күннен 10 күнге дейін, кейде 1,5 айға дейін созылуы мүмкін. Эпидемиологиялық тексеру нәтижелеріне қарағанда қышымамен әлеуметтік жайсыз және тұрмысы нашар отбасыңдағы адамдар жиі ауыратын көрінеді. Қышыма жұқтырған  адамдардың ең көп саны мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында жаңа ұжымдар құрылғанда, яғни күзгі-қысқы уақыттарда тіркеледі. Соңғы кездері қышыма қотырдың қатты дуылдап қышып, адамның мазасын алмайтын, бөрткені де онша қаптан шықпайтын жеңіл түрі жиі кездеседі. Қышыманың бұл түрінде беті қанталап қабыршақтанған бірлі-жарымды ғана бөрткендер кездеседі.

 

Белгілері

Қолдың саусақтарының арасында, кеуде мен іштің, санның, аяқтың терісінде бөртпелер және қышыма пайда болады. Қышыма қотыр жұқтырған адамның кей түсі бой бермей дуылдап қышиды, әсіресе түнде қатты қышиды. Теріні үнемі қасығанда оған микроптар түсіп, қышымаға терiнiң іріңді жұқпасы қосылып, ауру әрі қарай асқынып кетеді. Денесіне түрлі түйiншiктер, көпіршіктер, қанды қабыршықтар, тырнақ  ізі  басады.

Мұндай жағдай аяқ-қолдың, буын бүгілістерiнен, саусақаралықтарынан, тіпті тұла-бойдан да байқалады. Адам денесінде қотырдың ізі қалып, ұсақ бөртпелердің көбейіп кетуі, қышыманың орны ақшыл-сұрғылт жолақтанып ине ұшының ізіндей болады, ізі тура сызықтай болмай, ирелеңкіреп бір-біріне қатарласа түскен үтір сияқтанып жатады. Қышыманың бөрткені балалардың алақаны мен саусақтарының арасында, қарнына, - шынтақтың бүгiлетiн тері қатпарына, балтырына,өкшесіне табанның ішкі жағына, құйрығына, иығына, беті және басына шығады. Емшек жасындыға сәбилердің көбінесе алақаны мен құйрығының ұшына, беттеріне шығуы мүмкін. Тері ауруларының белгісі байқала саласымен-ақ дер кезінде дәрігерге көрініп, нәтижелі ем қабылдау қажет. Қышымаға қарсы арнаулы емді тері ауруының дәрігері ғана жүргізеді. Ауырған адам өзін емдеуге болмайды, ең бастысы науқас тұтынған заттардағы паразиттің көзін жою керек. Қотыры бар адам дер кезінде дәрігерге көрініп емделмесе, ол созылмалы ауруға айналады. Қотыр, әсіресе кешке қарай, жылы киінген кезде қатты қышиды. Қышынған адам деннесін қасып қанатып та алады. Қанаған жері асқынып, іріңдейді.

Тазалық талаптары:

 "Сақтықта қорлық жоқ" демекші ең алдымен адам таза болуы керек. Апта сайын суға түсіп, іш киімін жиі ауыстыру керек. Әсіресе біреудің киімдері мен заттарын пайдаланғаннан аулақ болыңыз. Қышыма, қотыр жұқтырған адам ауруханаға жатпай, үйде емделсе, оның төсек орыны,тұтынатын заттары өзге отбасы мүшелерімен араластырмай, жеке ұстағаны дұрыс, кірленген киімдерін бөлек жинауы қажет. Яғни оны 1,2% сода ертіндісі немесе кез келген ұнтақ сабын қосылған, қатты қайнап тұрған суда 10 минут қайнату керек. Киімді тек үтіктеп кию керек, сырқат жатқан бөлмені де күн сайын 2% сабын сода ертіндісімен сүрту қажет. Науқасқа күтім жасағаннан кейін немесе оның жатқан жерін жинастырғаннан кейін міндетті түрде қолды сабынмен жуу керек. Моншаға, душқа түскен кезде отыратын орындықты, сабын, сусабын, ысқы қоятын сөрелерді және жуынатын кіршені ыстық суға хлор араластырып жуған дұрыс. Біреудің жуынатын заттарын, сыпыртқысын пайдаланбаңыз. Әр адамның жеке сүлгісі және жөкесі болған жөн. Жаңадан сатып алған киім-кешектерді және төсек жаймаларын міндетті түрде үтіктеген дұрыс. Қышыма қотыр ауруының белгісін байқап, күдіктенсеңіз дереу тері аурулары дәрігеріне көрiнiңіз. Дәрігерге дер кезінде қаралу- ауруды айналасындағы адамдарға жұқтырмауға, қышыманың таралмауын және одан тез сауығуын қамтамасыз етеді.

 

Автор:
У.Н. Хасанов, ГКП на ПХВ "ТКВД"