Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тұмаудың алдын алу


27 сентября 2019, 07:19 | 896 просмотров



Тұмау – бұл тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру.Тұмау иммунитеттің әлсіреуі мен салқын тиюден пайда болмайды, оған ерекше вирус – тұмау вирусы себепкер болып табылады. Оның ерекшелігі өзгергіштігімен сипатталады. Тұмаудың жұқтыру көзі ауру адам және тек сирек жағдайларда ғана шошқалар мен құстар сияқты кейбір жануарлар болып табылады.Тұмау ауа – тамшы жолдары арқылы жұғады. Науқас адам тыныс алғанда, жөтелгенде, түшкіргенде, ауаға тарайтын қақырық пен мұрыннан бөлінген шырыштан айналада ауру жұқтырылған «бұлт» пайда болады. Бұларды жұту – сау адамның ағзасына тұмау вирусының ену жолы.Ауру жұқтырылған «бұлт» біртіндеп қоршаған заттарға қонады. Өкінішке орай, тұмау вирусы тұрақты және сыртқы ортада бірнеше сағат бойы өз белсенділігін сақтай алады. Тұмаудың белгілері адамдардың көпшілігіне аян, дегенмен, осындай маңызды ақпаратты қайталау артық болмайды деп ойлаймыз.Жасырын, инкубациялық кезең – 5 – 6 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Осы уақыттың аралығында вирус ауыз бен мұрынның шырышты қабықтары арқылы ағзаға еніп үлгереді, ал иммундық жүйе сол уақытта оған кедергі жасауға әрекет жасайды. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы вирустың түріне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына байланысты. Инкубациялық кезеңнен кейін аурудың мынандай белгілері пайда болады:

Тұмау, мұрынның бітелуі, түшкіру, тамақтың жыбырлауы сияқты аурудың бастапқы белгілері. Әлсіздік, сырқырап ауыру.Аурудың алғашқы сағаттарында температура көтеріледі. Тұмауға 40°С дейін және тіпті одан да жоғары температуралы қатты қызба тән.Кейінірек өнімсіз, құрғақ жөтел пайда болады, ол бірте – бірте ылғалды, қақырық бөлінетін жөтелге айналады.Тұмау – өздігінен жағымсыз ауру, дегенмен оның иммундық жүйесі әлсіз қарт адамдар мен балалар емделмегенде немесе сәйкессіз ем қолданғанда, режим бұзылған кезде дамитын асқынулары өте қауіпті.Тұмаудан емделіп жүрген науқасқа тыныштық талап етіледі – көбірек жату ұсынылады. Әдеттегі белсенділіктен (дағдылы еңбек қызметінен) бас тарту керек. Өйткені, ол аурудың асқынуына себепкер болуы мүмкін.

Тұмаудың алдын алуға бағытталған шараларды жыл бойы сақтаған жөн: дұрыс тамақтану, шынығу иммунитетті арттырып, тұмауға қарсы тұрудың оңтайлы амалдары.Тұмау – ауыр және қауіпті дерт. Алайда, күз бен қыс мезгілдерінің басталуынан қорқып, үрейленбеңіздер: салауатты өмір салты тұмаудың алдын алуға көмектеседі. Дендеріңіз сау болсын!

 

Алакөл аудандық тауарлар мен

көрсетілетін қызметтердің сапасы

мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы

эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің

жетекші маманы                                                                                А.Таужанова

           

Автор:
А.Таужанова