Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚЫЗЫЛШАҒАҚАРСЫ ҚОСЫМША ИММУНДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ


27 сентября 2019, 13:13 | 556 просмотров



2019 жылдын басынан 132 жағдай қызылша аурушандығы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар 89,  соның ішінде  бір жасқа дейінгі  балалар 59 бала.

16 қыркүйектен Талдықорған қаласында  20-29 жастағы адамдарға қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізіледі. Талдықорған қаласының аумағында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың  тұрақсыз болуына байланысты алдағы уақытта аурушаңдықтың алдын-алу мақсатында «Қазақстан Республикасы аумағында 20-29 жас (қоса алғанда) аралығындағы адамдарға қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізу» туралы   Бас Мемлекеттік Санитарлық дәрігерінің  07.08.2019ж бекітілген №6 қаулысына сәйкес 2019 жылдың 16 қыркүйек айынан бастап 20-29 жас (қоса алғанда) аралығындағы адамдарға қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау МКК ШЖҚ «Қалалық емхана», МКК ШЖҚ « Қалалық емхана №2, «Хак», «Нур-Авиценум» медициналық орталығында егу бөлмесінде  жүргізіледі.

Қосымша екпе егу жүргізудің негіздемелері:

Иммунды емес тұрғындардың жиналып қалуы(иммундау мерзімі ара сының ұзақтығы, түрлі себептермен екпе алмағандар( вакцинадан бас тарту, медициналық қарсы көрсетілімдер жәнет.б).

Қызылшаға қарсы иммундық қорғанысы жоқ аналардан туған нәрестелердеаналарынан берілетін ауру қоздырғыштарынақарсы қорғаныстың жоқтығы.

Екпе алған балаларда жұқпа жасырын, жеңіл түрде өтіп,екпе жасына жетпеген және екпе алмаған балалардыңарасында жұқпаның тез таралуынаәсер етеді.

Екпе егустатусынақарамастанжұмыс істейтін және жұмыс жасамайтынтұрғындар;

 Жоғарғы  және орта оқу орындарының  студенттері мен оқытушылары;

Әскери қызметкерлер, ІІБ жеке құрамы және шекарашылар;

Сотталғандар;

20-29 жас аралығындағы тұрғындар  екпе алуға уақытша қарсы көрсетілімнің мерзімі аяқталғаннан кейін екпе алулары  қажет.

ДСҰ ұсынымдарына сәйкес қызылша және қызамыққа қарсы екі компонентті вакцина қолданылады. Ундістанда өндірілген вакцина сатып алынды.  Екпе егу тұрғылықты жерілері бойынша  тегін жасалады.

Қызылша – жіті, жұқпалы аурушаңдық. Дене қызуы 38-40 гр-қа көтеріледі. Көздің шырышты қабығы, мұрын, жоғарғы тыныс алу жолдары қабынады, денеде бөртпелер пайда болады.

Аурудың қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз, қышқылдың әсерінен, ультра күлгін сәуледен жойылады. Сонымен қатар, аэрозольдарда, вентеляциялық құбырларда, лифт шахталарында  вирус бірнеше сағат бойы өмір сүре алады. Әртүрлі қабаттарда тұратын балалар бір мезетте ауру мүмкін.

Қызылшадан қорғанудың бірден-бір тиімді шарасы – ВАКЦИНАЦИЯ❗

 

 

 

Автор:
Е.Асимкулов Талдықорған қалалық тауарлармен көрсетілетін қызметттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқарма басшысы