Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық


25 сентября 2019, 14:46 | 1 087 просмотров



Денсаулық сақтау жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында еліміздің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасы арттыру жұмысы жандандырылуда.  Осы мақсатта жаңа емдеу мекемелері салынып, олардың материалдық-техникалық жабдықталыуын бірыңғайландыруға арналған игі іс шаралар атқарылуда.

Халық денсаулығын сақтау, оны одан әрі жақсарту негізгі міндет.

Міне, бүгінде ел арасынан шыққан кәсіпкер азаматтарымыздың бірі – Тәжікеевтер әулетінің демеушілігімен бірегей азаматымыздың бірі Жеңіс Сыдықұлы ұлт денсаулығын жақсарту мақсатында, «Нұр" орта хирургия медициналық орталығын Алматы облысы Талдықорған қаласы Ескелді би көшесінің бойынан ашып отыр. Ашылып отырған хирургия медициналық орталығы ел  игілігіне қызмет атқарып, үміттерін ақтайды деп сенім білдіреміз. Орталықтың мақсаты Талдықорған қаласы және облыс тұрғындарына травмотология артопедия саласында білімді, сапалы медициналық қызмет көрсету. «Нұр" орта хирургия орталығында сынық жарақат науқастарына және буын ауруы науқастарына консервативті ем және жедел ем қолдану, күрделі жоғары технологиялық операциялар жасау одан кейін қайта қалпына келтіру емдерін жасау шаралары қолданылатын болады.

Жақын арада нейрохирург, тамырлы хирург, жалпы хирург мамандарын тарту алдағы күнге қойылатын жоспарлар.  Әзірше медицина орталығында  жиырма төсек орны бар. Аурухана тәулік бойы  амбулаториялық режимде жұмыс жасайды. I дәрежелі травмотолог-артопед Айдын Мұқатайұлы Қостан  қабылдау жасап,  ота жасайды.

«Нұр" орта хирургия медициналық орталығын басқару жұмысы да I дәрежелі травмотолог-артопед Айдын Мұқатайұлына сеніммен  тапсырылып отыр.

«Нұр" орта хирургия медициналық орталығы жаңа заман талаптарына жабдықталған. Бүгінгі уақытта халыққа  толыққанды қызмет көрсету үшін  медициналық қызметкерлермен де толық қамтылған.  Травматолог артопедия мамандығы бойынша жоғары техникалық медициналық қызмет, сондай-ақ, басқа да білікті денсаулық қызметкерлері мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

Халықымызға зор денсаулық тілей отырып, «Нұр орта хирургия медициналық орталығының» жұмысына сәттілік тілейміз.

Автор:
Шалқар Оразбаев.