Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Денсаулық фестивалі- 2019 Жамбыл ауданы.


20 сентября 2019, 04:18 | 2 083 просмотра



Дене белсенділігі деңгейін арттыру жеке адамдардың ғана емес, сонымен қатар, барлық қоғамның мәселесі болып табылады. Сондықтан, оның шешімі үшін мәдениеттің ерекшеліктерін ескеретін және тұрғындардың жеке топтарына бағытталған көпсалалы, көптәртіптік тәсіл қажет. Бүгінгі таңда бұл бағытта елімізде ауқымды жұмыс жүруде, мысалы, қалаларда веложолдардың салынуы, тұрғын үйлердің аулалары  мен саябақтарда спорттық алаңдардың салынуы. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастырушы-әдістемелік нұсқаулығымен әрдайымғы жеткілікті қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайтуға әрбір азаматтың бірлескен жауапкершілігін арттыру мақсатында 2019 жылғы 7 қыркүйекте республиканың аймақтарында «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен 2019 жылғы «Денсаулық фестивалі» өтті.

Негізгі мақсат қоғамның, көптеген тұрғындардың белсенді өмір салтын жүргізуге назарларын аудару,әртүрлі жас санаттарындағы тұрғындардың денсаулық үшін қимыл белсенділігінің артықшылықтары туралы хабардар болуын арттыру, сонымен қатар, ДДСҰ сарапшыларының ұсыныстарына сәйкес күнделікті жеткілікті дене белсенділігі дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 7 –ті мектептерінің арасында «Денсаулық фестивал 2019ж» спорттық жарыс өтті. Жарысты ұйымдастырушылар Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті және  аудандық  білім бөлімі, спорт комитеті, «Жас Ұлан» оқушылар үйі. Спорттық ойын түрлері  асық ойнау, жеңіл атлетика, эстафета, арқан тарту, флешмоб. Жарысқа қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Автор:
Жамбыл аудандық ауруханасы СӨСҚ кабинетінің мейірбикесі Апиева С.