Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетіледі


18 сентября 2019, 05:31 | 1 308 просмотров



Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жақсы ауданындағы «Айбат» ЖШС-ның егістік алқаптарын аралап көріп, серіктестіктің егін жинау науқаны барысымен танысты

Қазақстан Президентіне об­лыстың әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуының негізгі көрсеткіштері мен агроөнеркәсіп кешенінің келешегі туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа дәнді және майлы дақылдардың жаңа сұрыптары көрсетілді.

Мемлекет басшысы механизаторлармен әңгімелескенде ауыл шаруашылығы ал­қаптарын тиімді пайдала-
нудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан аг­ро­өнеркәсіп кешенін өркен­де­туге баса мән беріліп отыр­ғанын айтты.

– Мемлекетіміз үшін сіз­дердің еңбектеріңіздің мәні зор. Үкімет фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді, ауылдың өмір сүру сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады, – деді Президент.

Кездесу соңында Қасым-Жо­март Тоқаев диқандарға ауа райының жақсы және өнімнің мол болуын тіледі.

Мемлекет басшысы бұдан кейін Жақсы ауылындағы Т.Уә­лиев атындағы спорт мектебін аралап көрді.Қазақстан Прези­дентіне күрес, бокс және футбол спортына арналған залдар көр­сетілді. Қазіргі уақытта Жақсы ауда­нының 170 оқушысы бокс, грек-рим күресі және футбол сек­ция­ларында спортпен шұғыл­данады.

Бұл спорт мектебі өз тарихында 4800 спортшыны, соның ішінде Қазақстан Рес­пуб­ликасының еңбек сіңірген және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындап шығарды. Мемлекет басшысы грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченкомен және спорт мектебінің тәр­бие­ленушілерімен әңгі­ме­лесу бары­сында ауылдағы бұқа­ралық спортты дамытудың маңызды­лығын атап өтті.

Мемлекет басшысы сон­дай-ақ «Урожай» ЖШС-нің агро­өнер­кәсіп кешенінде болды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ком­панияның қызметі, диірмен ке­ше­нінің, элеватордың, комби­корм зауытының және нан-тоқаш өнімдерін шығару жөніндегі өн­діріс нысандарының жұмысы туралы мәлімет берілді.

Қазақстан Президентіне агро­кәсіпорында қуаты жөні­нен жылына 12 мың тонна түрлі жармалар мен жылдам дайындалатын сұлы қауыздарын өндірудің жаңа технологиялық үдерісі, сон­дай-ақ дайын өнімнің үлгілері көр­сетілді.

Мемлекет басшысы аграр­шы­лардың назарын мемлекет бөл­ген ауыл шаруашылығы субсидияларын тиімді пайдалану қажеттігіне аударды.

Автор:
https://egemen.kz