Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Шамалғандағы трагедия: дәрігерлер автобуста қалып қойған екі баланың жағдайын айтты


17 сентября 2019, 04:23 | 3 350 просмотров



Қарасай аудандық ауруханасының дәрігерлері бір балаға ота жасалып, екіншісін дәрі-дәрмекпен емдеп жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы ауруханасының дәрігерлері Шамалғандағы апатта зардап шеккендердің жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аурухана директорының бірінші орынбасары Бақыт Жамековтың айтуынша, қазір 33 жастағы Эльвира Жәнібекованың жағдайы қалыпты. Ал оның екі баласы жансақтау бөлімінде жатыр.

"Кеше облыстан мамандар келіп, 2014 жылы туған қызға ота жасады. Бас сүйегіне трепанация жасалды. Ал 2016 жылы туған қызға консервативті ем беруге, яғни дәрі-дәрмекпен емдеуге шешім қабылданған болатын. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде. Екеуі де аппаратпен дем алып жатыр", - деді Жамеков Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Дәрігердің айтуынша, балалардың анасы есін жиды. Қазір жағдайы бірқалыпты. Апат кезінде оң қолы және қабырғалары сынып, миы шайқалған.

"Қазір анасы есін жиған, сұрақтарға жауап береді. Бізге облыстық балалар ауруханасынан және көпбейінді клиникалық ауруханадан мамандар келіп, көмек беріп жатыр. Бұл жағдай облыс әкімі мен денсаулық сақтау министрінің тікелей бақылауына алынды", - деп атап өтті Жамеков.

Шамалғандағы көлік апаты

Айта кетейік, кеше 15 қыркүйек күні кешкі сағат 19.08-де Ақсеңгір-Шамалғанның теміржол өткелінде "Алматы-Қостанай" бағытындағы жолаушылар пойызы мен "Алматы-Қаскелең" бағытындағы рейстік автобуспен соқтығысқан. Желіде бірден куәгерлер түсірген жантүршігерлік апаттың видеосы тараған болатын.