Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

4 адам жанып кетті


16 сентября 2019, 09:28 | 1 024 просмотра



Екі көлік соттығысқан кезде газ баллоны жарылып, 6 адам мерт болды. Оқиға 16 қыркүйек күні таңғы сағат 3:45-те тіркелді.

Самара – Шымкент тасжолының 934-і шақырымы, яғни, Әйтеке би ауданының Белқопа ауылы маңында болды. «Темір ауданы Шұбарқұдық ауылының тұрғыны «Мазда-кронус» көлігімен Қарабұтақ ауылынан Ақтөбе қаласына бет алған. Белқопа ауылы маңында келгенде қарсы бетке шығып, Әйтеке би тұрғыныны айдан келе жатқан «Опель-Вектра» көлігімен соқтығысады. Екі көлік соқтығысқан кезде «Мазда-кронус» көлігіндегі газ баллоны жарылып, жанып кетті. Салдарынан көлік ішіндегі жүргізуші, әйелі мен ұлы, немересі көлік салонында көз жұмды. Сонымен қатар, «Опель-Вектра» көлігінің ішінде болған жүргізушінің әйелі мен ұлы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші Әйтеке би аудандық ауруханасына түсті», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Айта кетейік, осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4 бөлігімен іс қозғалды.

Автор:
ҚазАқпарат