Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ ЖАРТЫ САҒАТТА ЕМДЕЙТІН ҚОНДЫРҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ


10 сентября 2019, 16:48 | 515 просмотров



Елімізде  қатерлі ісік, ми тамырлары мен функционалды ауруларды емдеуге арналған "Гамма-пышақ"  қондырғысы іске қосылады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жазды. ​

"Елбасымыз Қазақстанның Еңбек ері мәртебелі атағымен марапаттаған, белгілі ғалым-нейрохирург Серік Ақшолақовты қабылдадым. Қатерлі ісіктерді, ми тамырлары мен функционалды дерттерді емдеуге арналған "Гамма-пышақ" атты бірегей қондырғының жақында іске қосылатыны жөнінде мәлім етті", - деп жазды Тоқаев.

Бұған дейін Ақшолақов "гамма-пышақ" туралы Қазақстан нейрохирургтері IV конгресінің кулуарында айтқан еді. "Алдағы он жылда алдымызға мүлде басқа міндеттер қойып отырмыз.

Бұл заманауи технологияларды енгізу, соның ішінде Gamma Knife (гамма-пышақ) радиохирургиялық әдісімен ми ісіктері мен ми қан тамырлары ауруларын емдеу. Бұл науқастарды компьютерлік әдіспен сәулелендіру. Науқас 30-40 минут ішінде жазылып кетеді. 2019 жылы бұл әдісті енгізуді көздеп отырмыз", - деген болатын ол "Казахстанская правда" басылымына берген сұқбатында.