Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жастар үшін акция ұйымдастырылды


10 сентября 2019, 09:27 | 462 просмотра



6 қыркүйекте Алматы облыстық ЖИТС-дын алу және оған қарсы күрес орталығы мамандары мен «Қос қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігінің белсенділері бірлесіп Талдықорғандағы Заң колледжінде «АИТВ жұқпасының алдын алайық!» атты акция ұйымдастырды.

Білім шаңырағының шәкірттері мен ұстаздары эпидемиолог-дәрігерлер мен қоғамдық белсенділер тарапынан айтылған АИТВ жұқпасының берілу мен алдын алу жолдары туралы ақпаратты бар ынтамен тыңдап,  аймақтағы эпидемиологиялық жағдай барысымен танысты.

«АИТВ/ЖИТС жайлы не білеміз?» атты зерделілер ойынында «Шамшырақ» тобы жеңіске жетті.

Шара соңында жастар  ЖИТС-ке қарсы өз жауаптарын флеш-моб арқылы жеткізді.

Акцияға 147 адам қатысты.  

Автор:
М.Матембаева, Алматы облыстық ЖИТС орталығы маманы