Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жастар ЖИТС-ке қарсы!


10 сентября 2019, 03:24 | 1 235 просмотров



Жуырда ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығының мамандары Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттеріне «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар студент-жастарға  ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру, сондай-ақ ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана-сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыруды мақсат тұтты.

–ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел. ЖИТС-пен ауру өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол бар, ол – сақтану, алдын алу, – деп бастады дәрігерлер өз кеңесін. Содан соң АИТВ-ның берілу жолдары мен қауіп факторлары туралы айтып, тыңдаушыларды облыстағы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың стигмасы мен кемсітушілік, МӘМС кезіндегі мемлекеттік кепілдік мәселесі қозғалды.

Оқыту бейнеролигінің көрсетілімі балаларға қызықты сұрақтар қоюға мүмкіндік берді.

«Жастар - ЖИТС-ке қарсы күрестің негізгі қозғалтқыш қүші болып табылады», – деп қорытындылады семинарды ұйымдастырушылар.

Автор:
Г.Таубайқызы