Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«ЦЗЮ ЧЖЕ ТАҢ – ALTACO» халықаралық медицина орталығы ашылды


9 сентября 2019, 09:17 | 578 просмотров



«ЦЗЮ ЧЖЕ ТАҢ – ALTACO» халықаралық медицина орталығы ашылды
2019 жылдың 7 қыркүйек күні Алматы облысы Панфилов ауданы «Қорғас " шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының Қазақстандық бөлігінде Қазақстандық «ALTACO -ХХІ» компаниясы мен белгілі «ЦЗЮ ТАҢ ЧЖЕ» атты қытай компаниясының бірлескен «ЦЗЮ ЧЖЕ ТАҢ – ALTACO» халықаралық медицина орталығы ашылды. Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне Қытайдан келген арнайы қонақтармен бірге Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ербозымұлы мен Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасының директоры Төлеу Құмарбекұлы қатысты.
Жаңа ашылған медицина орталығы ересек тұрғындарға жаңа технологияны қолдана отырып, гематология және кардиология саласы бойынша амбулаторлық-емханалық көмек көрсетеді. Жіті миокард инфарктісін бастан кешкен науқастарды аллогендік мезенхималдық сүйек-ми жасушаларымен емдеу плацебомен салыстырғанда жүрек қызметінің көрсеткіштерін 2-5% - ға жақсартады және қауіпсіз болып табылады. Кейбір деректер бойынша миокард инфаркты және жүрек жеткіліксіздігінің қайталанған эпизодтарының дамуына жол бермейді.

Автор:
ЖД Акпарат.