Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Отбасы дегеніміз не?


29 августа 2019, 13:26 | 2 884 просмотра


Отбасы дегеніміз- адамдардың туыстық қатынаста бірлесіп  өмір сүретін  жанұялық орта болып табылады. Сол ортада дүниеге келген балалар тәрбиесін жүзеге асырып,басқа да қоғамдық тұрғыдан мағыналы да мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік қатынаспен байланысқа түскен адамдар тобы болып есептеледі.

   Отбасының негізгі және маңызды сипаты- оның атқаратын қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.Әрбір отбасының өз құндылықтары бар, сондықтан әр отбасы  мықты да берік  қамал болып қалыптасуы тиіс!

  Отбасында  әрбір мүшенің  өз тұла бойындағы асыл қасиеттер мен мінез –құлық жарқырай  көрініп, қалыптасады.Отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс – тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір- бірін құрметтеп,сыйлауы- барлығы үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе.

   Отбасы мүшелері: әке мен шеше – жанұя мектебінің ұстаздары болып есептеледі.

  Әке мен шешенің кейінгі ұрпақтарына қоятын ең бірінші талап пен тілектері- баланың «Әдепті бала» болып өсуі. Қоғамда әдеп –инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуына отбасының маңызы орасан зор.Әрбір жанұяның қос тіреуі- әке мен шеше өздерінің отбасылық міндеттері  мен құқықтарын мүлтіксіз орындаса, отбасында, бүкіл қоғамда,елде бейбіт пен берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек,  өздерінен кейінгі  қалыптасып келе жатқан ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ, мәнді де мағыналы бақытты  өмір қамтамасыз етілмек!

Автор:
Жамбыл ауданы СӨСҚ кабинетінің дәрігері Сериков А.В.