Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Бала денсаулығын сақтаудың бір жолы- жарақаттанудың алдын алу.


29 августа 2019, 07:26 | 948 просмотров


Бала жарақаты әр түрлі жағдайлар мен себептерге байланысты болады. Жалпы жарақат деп бала ағзасына сыртқы ортаның қандай да бір факторы аяқ астынан әсер ету нәтижесінен, тіннің анатомиялық бүтіндігінің бұзылуы және онда физиологиялық процестің болуын айтады. Балалар жарақаты , ересектерге қарағанда анағұрлым кең тараған. Балалар қоршаған әлемді белсенді түрде танып білгісі келіп тұрады,бірақ олар жағдайдың қауіптілігін болжай алмайды .Сондықтан да бала жарақаты жиі болып тұрады,

Бала  жарақатын қай жерде жарақат алған орнына қарай, бірнеше типке бөлуге болады:

1.тұрмыстық: үйде, аулада,балабақшада  болатын жарақат;

2.көшеде:көліктік немесе басқа да жағдайлар;

3.мектепте;

4.спорттық;

5.басқа жерлердегі жарақат.

Балалар жарақатын алдын алу.

Бала жарақатын болдырмау мүмкін емес, жазатайым жағдайдан ешкім сақтана алмайды. Алайда, ата –ана міндеті-өз баласын барынша қауіптен сақтағаны жөн.

Балалар жарақаты – маңызды мәселе. Әр ата-ана өздерінің  балаларына дұрыс қараса және балаларына  қауіпсіздік ережелерін үйретіп отырса, көптеген жарақаттардың алдын алуға болады.

Автор:
Жамбыл ауданы СӨСҚ кабинетінің дәрігері Сериков А.В