29 августа 2019, 07:04 | 1 140 просмотров
Алматы мен Алматы облысында ашылған Ресурстық орталық АИТВ-сы бар жастар мен АИТВ-ға осал жастарды психоәлеуметтік қолдауды және жұмылдыруды күшейту үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының (ҚДИАҒО) базасында жұмыс істеуді бастады.
Орталықта жастар диагнозды қабылдау, өмірге бейімделу бойынша мамандардың кеңестерін алу, өздерінің құрдастарымен танысу, өзара көмек тобына қатысу, «тең теңіне» қағидаты бойынша консультация алу бойынша мүмкіндіктері болады. Ресурстық орталық инфекцияның алдын алу үшін және салауатты өмір салтын дәріптеу үшін оң АИТВ-ахуалы жоқ жастар үшін де жұмыс істейтін болады.
Ата-аналар мен қамқоршылар да баланың және АИТВ-мен өмірдің ахуалын ашу бойынша консультация алатын болады. Ата-аналардың басым көпшілігі қоғамда стигма және кемсітушілікпен байланысы жоқ АИТВ-инфекциясынан бөлек басқа ауруларды ойлап тауып, нағыз диагнозы бойынша ауруын балалардан жасырады.
- АИТВ-сы бар жасөспірімдер мен жастарға қарым-қатынас, ортақ белсенділік, психологиялық қолдау қажет. Көктемде біз олар үшін республикалық көшбасшылықтың мектебін өткіздік және оған тағы да көз жеткіздік. Балаларымыздың өздеріне деген сенімділіктері артты, өмірлік жоспарлары бекітілді. Мұның барлығын ресурстық орталықтан ала алатындығына көзіміз де жетті, - дейді өз сөзінде ҚДИАҒО директоры Бауыржан Байсеркин.
Әлеуметтік идеяларды дамытуда, репродукция мәселелері бойынша медициналық көмек, көшбасшылық потенциалын дамыту, жаңа құрылымдағы антиретровирустық терапияға бейілділікті арттыру бойынша қолдауды мемлекеттік, халықаралық және қоғамдық ұйымдар көрсете бастады. Олардың ішінде Алматы қаласының және Алматы облысының ЖИТС орталықтары, ЮНИСЕФ, UNPFA, Y-Peer, Адамның Репродукция орталығы, Teenergizer бар. Соңғы ұйым Украинада орналасқан және посткеңестік кеңістікте АИТВ-сы бар жасөспірімдерді біріктіретін алғашқы қозғалыс ретінде әйгілі. Teenergizer үлігіс Алматы қаласы және Алматы облысының АИТВ-сы бар жастары үшін ресурстық орталықты құрудың негізі ретінде алынды.