Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МСҚ медицина ұйымдарына 630 млрд теңге төледі


22 августа 2019, 12:35 | 346 просмотров


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 630 млрд теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті  (ТМККК) шеңберінде бөлінді.  

«2019 жылы 19 тамызындағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 630 млрд теңге төленді. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 71 проценті», - деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.

2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 889 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 6 процент артық.  

 «Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр», - деді Ботагөз Жақселекова.

Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 1416 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оныңішінде 708 жекеменшік клиника да бар. Биылолардың саны 2018 жылменсалыстырғанда 64-ке артқан.  

Мемлекеттентапсырысалғанжекеменшікклиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылордажәне Жамбыл облыстарыкөшбастаптұр.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылданбастап ТМККК жәнеміндеттіәлеуметтікмедициналықсақтандыру (МӘМС) пакеттерініңқаржылық операторы жәнехалыққакөрсетілетінмедициналыққызметтерді ҚР Үкіметібекіткентәртіпбойыншасатыпалады.

Автор:
«Әлеуметтікмедициналықсақтандыруқоры» КЕАҚЖұртшылықпенбайланысдепартаменті + 7 (7172) 647 027, +7(775) 562 79 88