Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Емізу – бала саулығының негізі.


22 августа 2019, 09:40 | 389 просмотров



«Емізу – бала саулығының негізі» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты әйелдерді бала денсаулығы үшін емізудің пайдасы туралы ақпараттандыру болып табылады. Емізу–нәрестені тамақтандырудың ең үздік  тәсілі, баланың дұрыс дамуы үшін нәрлі элементтерден тұратын сәбиге арналған ең жақсы тағам және кең таралған балалар ауруларынан баланы қорғауға көмектесетін антидене.

Баланы емізу үшін қолдау, ынталандыру және негізге алу қажет, сондықтан «Емізу – бала саулығының негізі»ұлттық бағдарламасының басты міндеті:

Баланы емізу баланың денсаулығы үшін өмір бойы маңызды. Ол медицина мекемелерінің, отбасы мен үкіметтің шығындарын төмендетуге ықпал етеді. Босанғанннан кейінгі алғашқы сағатта баланы емізу нәрестені инфекциядан қорғауды қамтамасыз етеді және оның өмірін сақтайды. Емшектегі балалар тек жартылай еметін немесе мүлде ембейтін жағдайда іштің өтуінен және басқа инфекцияның салдарынан өлім-жітім қаупіне шалдығады. Сонымен қатар, баланы емізу ақыл-ой дамуының коэффициентін, мектепке дайындығы мен оның оқу көрсеткіші деңгейін арттырады және оған есейген шақтағы табыс деңгейінің аса жоғары болуы да байланысты. Ол кейінірек сүт безі мен аналық бездің обырына, қант диабетінің 2 типіне шалдығу қаупін және аналардың босанғанан кейін депрессияға шалдығуын төмендетеді.

Емшектегі балалар гиперхолестеринемия, семіздік, асқазан-ішек жолдарының аурулары, жіті респираторлық-вирустық инфекциялар, отитке көп шалдықпайды. Оларда мешел мен алллергиялық диатез секілді ауруалды аурулар сирек кездеседі.

Баланы емізуді бала туылғаннан соң алғашқы сағатта бастау керек; бала қанша сұраса, сонша күндіз және түнде де емізу керек; бөтелке мен емізікті қолданудан аулақ болу қажет.

Баланы емізуді үйрену қажет. Басында көп әйелдер қиындыққа тап болады.Баланы емізу мәселелері бойынша мамандардың қолжетімді кеңес беруінің арқасында әрбір әйел баланы 6 айға дейін тек емізуді және/немесе тиісті қосымша тамақ берумен қатар екі жасқа дейін жалғастыруды қамтамасыз ете алады. Ананың сүті бала үшін ең тиімді екенін айта кетейік. Жамбыл аудандық аурухананың перзентхана бөлімінде  неонатолог дәрігер Жетимекова С.Е. жас туған аналарға  баланы дұрыс емізуді  және дұрыс ұсауды үйретті. Жас аналар көптеген ақпараттар алды. Психолог Тұңғышпаева Айгерім өзінің тарапынан ақыл кеңесін беріп аналарға төзімді шыдамды болуды үйретті.СӨСҚ мейірбикесі Апиева С.Т. ақпараттық парақшалар таратты.

Автор:
Жамбыл ауданы СӨСҚ мейірбикесі Апиева С.Т.