Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: ГКП на ПХВ "Жамбылская центральная районная больница",

Вирустық гепатит А


22 августа 2019, 03:30 | 858 просмотров



     Вирустық гепатит А дүние жүзінде кең таралған инфекциялардың бірі. Бірақ та тарауы да әр жерде біркелкі емес. Сырқат көбінесе балалар арасында тарайды. Ересектер арасында көбінесе 15-29 жастағылар ауырады. Вирустық гепатит А-ға маусымдық тән. Көбінесе ауру – сырқаттың деңгейі күз – қыс кезінде жоғарылайды. Мектептегі балалар арасында көбінесе қыркүйек – қазан айларында, ал  3-6 жастағы балаларда қараша – желтоқсан айларында, ал 3 жасқа дейінгі балалар арасында жыл басы бірен – саран оқиғалар түрінде кездеседі. Вирустық гепатит А жедел циклдық түрде өтетін қысқа уақытта интоксикация мен бауыр әркеттерінің бұзылу әрекетімен байқалатын фекальді – оральді жолмен тарайтын вирусты инфекция. Балалар инфекциясы болып есептелінеді. Сол себепті Жамбыл аудандық аурухананың  СӨСҚ кабинетінің мамандары, мектептер мен балабақшаларда және жазғы демалыс лагерлерінде Вирустық гепатиттің алдын алу шараларын ұйымдастырды. Мектептер мен балабақшаларда  мультфильмдер көрсетіп жеке бас гигиенасын сақтауды және үнемі қолды жуып жүру керектігін айтып түсіндіру жұмысын жүргізілді. Оқушыларға ақпараттық парақшалар  таратылды. «Жас Ұлан» өнер мектебіндегі жазғы лагерде, оқушылар арасында флешмоб билетіп, сурет байқауы өткізілді. Оқушылар арасында  эстапеталық ойын түрлерінен  жарыстар өткізілді. Біз Вирустық гепатиттен  балаларымызды және өзімізді қорғайық.

Автор:
Жамбыл ауданы СӨСҚ кабинетінің мейірбикесі Апиева С.Т.