Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Өрт оқиғаларының негізгі туындау себептері


16 августа 2019, 04:12 | 1 083 просмотра


Құрметті аудан тұрғындары, өрттің орын алуының басты себептеріне өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау, оған бейқам, салғырт қарау және отқа абайсыздық танытпау жатады. Тілсіз жаудың алдын алып, одан әркім өзінің және жақындарының қауіпсіздігіне сақтықпен қарауға міндетті. Біз Сіздердің, өрттен амандықтарыңызды тілей отырып, айтып келмейтін апатқа ұрынбау үшін қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз.

Өрт шығу орындарын талдап-зерттеу нәтижесі аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің қолданып жатқан шараларына қарамастан тұрғын үйлер екенін көрсетіп отыр.

      Өрт оқиғаларының басты себептердің бірі ол газ баллондарды пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Газ баллоны өртке қауіптілігімен бірге үйде жарылысқа себепші болып, үлкен апатқа да соқтыруы мүмкін. Газ баллоны газ плитасына дұрыс орнатылуы қажет. Газ баллонынан газдың шығып жатқанын, тек сабын көпіршіктері арқылы білуге болады. Газдың иісін ауадан сезген уақытта сіріңке жағуға, темекі шегуге, басқада электр қондырғыларын іске қосуға болмайды. Газ шыққанын байқасаңыз, тез арада есік пен терезені ашып бөлмені желдетіп, баллонды далаға шығырып газ қызметіне хабарласыңыз. Баллонды қыздыруға, егер баллон  бұзылған болса оны өзіңіз жөндеуге тыйым салынады.

      Өрт оқиғаларына басты себептердің бірі - электр желісі және электр құрылғыларын пайдалануы мен қолдануы кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып табылады. Үйге жарық тартқан кезде көбінесе, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Ескірген сымдарды қолдануда кездеседі. Осы жайыттардың барлығы аяғында өртке соқтықтырады. Электр желісі бұзыла қалған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу өте қауіпті. Сонымен қаттар, өрт көпшілігінде электр құрылғыларды электр қуатына қосқышта орын алады. Сондықтан да үйдегі электр желілеріне салмақ түсіретіндей екі-үш электр құрылғыларын бір мезетте электр қуатына қоспау керек.

      Балаларды үйде не аулада ұзаққа қараусыз қалдырмаңыз. Олардың ойнауына сіріңке, басқа да отқа қауіпті заттарды беруге болмайды, аталған заттарды балалардың қолы жете бермейтін жерлерде сақтаған жөн.

Құрметті аудан тұрғындары, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды өтінеміз. Өрттен сақ болыңыздар !!!

Автор:
Көксу ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Құмарбаев Жанат Бакытович