Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысында "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" жұмыстары қалай жүргізіп жатыр?


15 августа 2019, 05:21 | 1 366 просмотров



Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының үшінші кезеңін ұйымдастыру туралы аймақтық штаб отырысы Алматы облысы әкімінің орынбасары А. Әбдуәливтің төрағалығымен селекторлық режимде өтті.
Жиынға «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары Байжүнісов Ерік Әбенұлы, Алматы облысының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы облыстық Штаб құрамы, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау басқармасының басшылары және облыстың медициналық ұйымдарының басшылары, ішкі саясат, жастар саясаты басқармалар басшылары қатысты.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ысқақ Бауыржан Ербозымұлы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесіне қатысты облыста атқарылған іс-шаралар туралы айтып өтті.

-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді медициналық қауымдастық арасында және жұмыс берушілер мен тұрғындарға кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары 2016 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында МӘМС жүйесі туралы 1 107 300 тұрғынмен 4070 кездесу өткізді. Ал медициналық мекемелерде мамандар 10250 рет сақтандыру жүйесі туралы кеңес берді,- деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Байжүнісов Ерік Әбенұлы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүйесін енгізуге қатысты туындаған сұрақтарға тоқатылып өтті.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі елімізде 2020 жылы толық енгізіледі. Ағымдағы жылы 1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысында пилоттық жоба іске қосыла бастайды

Автор:
Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі