29 июля 2019, 03:14 | 1 295 просмотров
Мәскеуде шабаданның ішінен қайтыс болған қыздың денесі табылды, — деп хабарлайды РЕН ТВ арнасы. Ресей астанасындағы Пырьева көшесінің бойында қайтыс болған қызға пәтерді жалға берген ер адам блогердің өлі денесін тапқан.
Қыздарына ұзақ уақыт бойы хабарласа алмаған ата-анасы пәтер иесіне өтініш айтқан. Қайтыс болған қыздың тамағын пышақпен кескен. Оның үстінде киімі болмаған. Қыз бала медициналық ЖОО-да оқып жүрген және әлеуметтік желіде блог жүргізген. Оған шамамен 80 мыңнан аса адам жазылған. Өз парақшасында блогер оқу үдерісі мен саяхат туралы айтатын болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, кісі өлтіруге қызғаныш себепші болған.