Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Біртанов: Қазақстандықтар ауруханаға жатуға құмар


29 июля 2019, 09:11 | 709 просмотров



Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ қазақстандықтардың жөн-жосықсыз ауруханаға жатуға құмар екенін айтады.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде министр көп жағдайда үйде жатып емделуге болатын емделушілердің ауруханада жатып алуы өзге ауыр жағдайдағы науқастарға кедергі келтіреді.

«Елімізде өзге елдермен салыстырғанда аурухана қызметін тұтыну әлдеқайда артық. Яғни, адамдар жиі-жиі және өте көп уақыт ауруханада жатады. Өкінішке орай бұлардың көбі дәрі қабылдау арқылы үйде емдеуге, күндізгі стационарға, дәрігерге келіп, ем-домын алып кетуге болатын жағдайлар, - дейді министр.

Ол тәулік бойы дәрігердің бақылауында болуға тиіс науқастарға орын жетпей жататынын да осы жағдаймен түсіндіреді. Бұлай болуының себебі еліміздегі госпитализация бойынша талаптардың аздығы, бағалардың арзандығы. Өзге елдер ауруханаға жатуға сұранысты азайту үшін бағаны көтеріп тастағанын айтады министр.

Автор:
zhasalash.kz