Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Құтырма - аса қауіпті ауру


26 июля 2019, 09:13 | 111 просмотров


Құтырма-вирустық зоонозды табиғи ошақтық жұқпалы ауру,оның қоздырғышы вирус ,жүйке жүйелерін зақымдап, дерттің соңы қайғылы жағдайға ұшыраумен аяқталады.Эпизоотиялық және эпидемиялық мінездемесіне тоқталатын болсақ,құтырма әлемнің көптеген елдерінде кездеседі.Қазақстанда жыл сайын 1000 бастан астам әртүрлі жануарлар құтырмамен ауырып өледі.                Құтырма вирусының қоздырғышымен барлық жылы қанды жануарлар зақымданады. Вирустың табиғи түрінде қоздырғыштарының көбі жабайы етқоректі жануарлар /қасқыр, түлкі,қорқау сусар тұқымдастар,мысық тұқымдастар / осылар құтырманың табиғи көздері болып саналады.Вирустың басқа «қалалық» түрі үй жануарларында –ит, мысық,ауыл шаруашылық жануарларының  арасында кездеседі.Аурудың ағымы жануарларда әр түрлі өтеді. Ауру жабайы жануарлар адамды көрген кезде қорықпайды.Мысалы,құтырған қасқырлар 80 шақырым жылдамдыққа дейін жүгірумен ұзақ қашықтыққа баруы мүмкін,елді мекендерге кіріп адамдарға және жануарларға шабады.Иттерде аурудың жасырын кезеңі 10 күннен  8 айға дейін созылуы мүмкін.Олар алғашқы күндері иесінің шақырғанын елемейді,тығылуға тырысады, келе- келе ызаланып,ашуланып және жеуге келмейтін кез келген /тастарды ,ағаш жаңқаларын,бұтақтарын,шүперектерді т.б/ заттарды жұта бастайды.Көзінің қарашығы кеңейеді, сілекейі көп мөлшерде бөлініп ,үрген кезде дауысы сырылдап , тұйық естіледі .2-3 күннен кейін аурудың екінші кезеңі басталады.Бұл кезде ит  иесін танымай кетеді ,көшеге ұмтылып шығып,алдынан кездескендерге үндемей шабуыл жасай береді,содан соң иттің аяқтары сал болып,тек алдыңғы аяқтарымен тіреп жүреді,адамдар көбінесе итті жарақат алған екен деп санайды , 5-6 күннен кейін ит өледі.Құтырманың  вирусы қарым-қатынас арқылы, яғни  ауру жануар тістеген ,сілекейлеген кезде беріледі.Иттен,жануарлардан зардап шеккен адамдар да тез арада арнайы ем қабылдамаса ,құтырмамен ауыру жағдайлары 100 пайыз қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады.Бұл аурудың жасырын кезеңі науқастанған адамдарда 7 күннен 1 жылға дейін созылады. Адамдарда ауру басталғандағы алғашқы белгілер:  тістелген жердің қышуы байқалады, құтырмамен ауырған адам тұйық болады,адамдармен араласудан қашады, ұйқысы бұзылып әлсіздік пайда болады,адам судан қорқа бастайды.

     Құтырманың алдын-алу шараларына мыналар жатады:                                    1. Иесіз иттер мен  мысықтарды аулау немесе ату , үй иттері мен мысықтарды асырау тәртіптерін  сақтау , тіркеу, тұмылдырық кигізу ,  байлауда ұстау. Міндетті түрде жыл сайын алдын-ала вакцинациялау .               

  1. Әрбір адам ит немесе басқа жануарлар жарақаттаған жағдайда сабынды сумен жараны жуып,міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.Травматологиялық немесе хирургиялық кабинеттер антирабикалық екпе жүргізеді.Жарақат алған адамдар кейде егуден бас тартады да оның аяғы100% қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады.

 

Алакөл аудандық тауарлар мен көрсетілетін

қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін

бақылау басқармасының  

эпидемиологиялық қадағалау

бөлімінің жетекші маманы  С.Макулбекова

Автор:
С.Макулбекова