Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚДСҚ СКО» Талдықорғн филиалының XVI-шы КОНФЕРЕНЦИЯСЫ


26 июля 2019, 03:10 | 895 просмотров



     Қазақстандық   денсаулық  сақтау қызметкерлерінің  салалық кәсіпподағы (ары қарай «ҚДСҚ СКО»)   Орталық Кеңесінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы  № 6 п.1 Қаулысы бойынша 2019 жыл кәсіподақтың барлық деңгейіндегі  ұйымдарда  бастауыш, филиал, Орталық Кеңеске дейін есеп беру мен сайлау жылы болып бекітілді. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру –сайлау жиналысы (конференциялары) 2019жылғы қаңтар айынан басталып маусым айымен аяқталды. Талдықорған филиалының есеп беру –сайлау III-ші  тоқсанның басы 17- шілдеге қойылған еді. Осындай маңызды жиын  облыс орталығындағы «Ардагерлер үйі»-нің конференция залында өтті. Шараға облыс көлемінде 28 делегат сайланып, 26 қатысты. Конференция барысында «ҚДСҚ СКО» Талдықорған филиалының төрағасы Асан Шалтабаевтың есебі тыңдалды. Төраға баяндамасында кәсіподақ жұмысының барлық негізгі бағыттарын қамтып, қоғамдық бірлестіктің белсенді әрбір кәсіподақ мүшесімен қоян-қолтық жұмыс жасап, көптеген медицина қызметкерлерінің жағдайын жақсартатын заңнамаларға, өзгеріспен қосымша баптарын кіргізгенін атап өтті. Соның бірі Талдықорған филиалының Кеңесінде  қозғалып, Республика бойынша «ҚДСҚ СКО»  ықпалымен  Министрліктерге, Парламентке, Үкімет басшысына дәйекті үндеу – хат жаза отырып, 30%-дық үстемақыны БАРЛЫҚ денсаулық сақтау қызметкерлеріне төленетіні туралы Қаулы шығуымен қуанышты аяқталды. Одан басқа ЖЫҚН (СКПН) көтеру, СПИД орталықтарында жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің  60% -дық айлықтарына көтерме төленуін қайтару мәселелері оң шешімін табуына кәсіподақ ықпалдасты. Бұл мысал біздің «ҚДСҚ СКО»-ның  жасалынып жатқан жұмысының  оннан бірі ғана.

    Біз үшін өткізілген іс-шаралар мен оларға қатысушылардың саны емес, кәсіподақ мүшелері үшін нақты және атаулы пайдалар мен сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша мақсаттарға қол жеткізуге қоскан үлесіміз әрдайым маңызды. Сонымен қатар филиалдың тексеру комиссиясының төрайымы Галина Ковалеваның есебіде назардан тыс қалмай «қанағаттанарлық» деген баға беріліп, Елордада өтетін «ҚДСҚ СКО»-ның XIII съезіне  баратын делегаттар сайланды. 2014-2019 жыл аралығында атқарылған филиал төрағасының жұмысын конференция делегаттары талқылап, оң баға берді.  Конференция делегаттары ашық дауыспен  бір ауыздан «ҚДСҚ СКО»-ның Талдықорған  филиалының төрағалығына  Асан Мұқанұлы ШАЛТАБАЕВты сайлады.

    Жарыссөзге қатысуға тілек білдірушілер көп болғанымен,  шектеу қойылып 6 делегат сөйледі.  Әсіресе сөйлегендердің ішінде облыстық жедел жәрдем ұйымынан қатысқан   кәсіподақ мүшесі  Алпысбай Қазбанбетов:  Қазақстандық  денсаулық сақтау  қызметкерлерінің кәсіптік одағы  жалақының  30%-дық үстемақыны  көтерілуіне  үндеу –хатты дер кезінде қажетті орындарға  жеткізе білгендгін баса айтты. Біздің ұйымның кәсіподақ мүшелері 2019 жылға бөлінген 26   шипажай жолдамаларының  13 -іне әртүрлі шипажайларда  демалып келді. 2014-2019 жылдар аралығында Талдықорған филиалының атқарған  жұмыстары орасан зор.  Сайланған жаңа құрамға істеріне сәттілік, табыс тілей отырып  біздің ұйым әрқашанда баламалы кәсіподақтармен емес,    96 жылдық тарихы бар Қазақстандық  денсаулық сақтау  қызметкерлерінің кәсіптік одағымен  «ҚДСҚ СКО»- біргеміз деп аяқтады.

    Төраға Асан  Шалтабаев:  делегаттарға  өзіне сенім білдіріп, қолдау көрсеткені  үшін рахмет айтты. Заманның талабына сай біздің кәсіподақ қандай да биіктікті бағындыру үшін, күші жұмылдырылған, қаражатты, тәртіпке бағынған, бірлігі  жараса отырып жетеді. Алдымыздағы  сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша істелетін шараларды іске асыруға шешімін табатын мәселелер шаш етектен. Бізді күтіп тұрған, тер төгетін  көптеген жұмыстар  бар. Бірлесе отырып кәсіподақтың бас қағидасына – кәсіподақ мүшелерінің мүддесі мен құқығын қорғауға қол жеткіземіз және де ұранымыз  «Біздің күшіміз –бірлікте !» қала бермек.

    Конференция соңында кәсіподақ қозғалысына, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген бірнеше делегаттар марапатқа ие болды.

Автор:
Злиха Дүйсембаева, «ҚДСҚ СКО» Талдықорған филиалының бас маманы