Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстан УЕФА рейтингінде бір саты жоғарылады


24 июля 2019, 04:46 | 915 просмотров



НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін түнде елордалық «Астана» футбол клубы Андоррада Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің аясында жергілікті «Санта-Коломой» командасымен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Тең есеппен аяталған ойында гол салынған жоқ. Қарымта матч 1 тамызда Нұр-Сұлтанда өтеді. Еурокубоктың кезекті ойын күнінен кейін Қазақстан УЕФА-ның коэффиценттер кестесінде бір саты көтеріліп, соңғы бес маусымның 17,500 нәтижесімен 24 орынға табан тіреді. Дәл осындай коэффицент Беларусь елінде. 23-орынға Израиль орналасты (18,125). Еске салайық, қазақстандық өзге де командалар ертең Еуропа Лигасындағы матчтарын өткізеді.

«Ордабасы» Чехияда «Млада-Болеслав» клубымен, ал «Қайрат» Израиль елінде Беэр-Шевадан келген «Хапоэль» командасымен кездесетін болады.

Автор:
https://bsh.kz