Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қостанай облысында 3 жасар қыз құдыққа құлап, көз жұмды


18 июля 2019, 11:51 | 569 просмотров



ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Әулиекөл ауданында үш жасар қыз құдықтағы суға батып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға Тимофеевка ауылында болды.

Ведомствоның мәліметінше, бала ата-ана қарауынсыз қалған. «Жеке тұрғын үй секторының ауласындағы техникалық құдықтан 2016 жылы туған қыздың денесі шығарылды. Ол сағат 13:00 барысында құдыққа құлап кеткен»,-деді ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов. Аталмыш дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тағы бір оқиға Қостанай қаласындағы «Ақ-Шаңырақ» демалыс орнында болған.

Тобыл өзенін бақылап жүрген құтқарушылар қамыс арасынан 35-40 жастағы ер адамның мәйітін тапқан. Сараптама жұмыстары белгіленіп, кісі өлімінің нақты себептері анықталып жатыр.



Автор:
https://www.inform.kz