Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Елордада 2540 жұмысшының жалақы қарызы төленді


16 июля 2019, 09:33 | 561 просмотр



НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда 2540 жұмысшының 540 млн теңгеден астам жалақы берешегі өтелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Қалалық ортаны бақылау және сапа басқармасының ақпаратынша, астаналықтар көбінесе еңбекақы төлемеу, қалған аз бөлігі - заңсыз жұмыстан босату, тәртіптік сипаттағы шараларды қолдану, еңбек жағдайларын өзгерту және тағы басқа еңбек заңнамасына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға жүгінеді.

Тәжірибе көрсеткендей, негізінен жалақыны кешіктіру немесе төлемеу көбінде күзет қызметін көрсететін, қоғамдық тамақтандыру және құрылыс саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындарда кездеседі.   Айта кету керек, еңбек заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін заңмен ескерту және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған



Автор:
https://www.inform.kz