Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ЖАҢАЛЫҚТАР: НӘТИЖЕНІ БАҒАЛАЙМЫЗ


10 сентября 2010, 10:40 | 1 431 просмотр



ҚР Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі компонентінің санитарлы-эпидемиологиялық жағдайдың мониторинг жүйесі (СЭЖМЖ) ұшқыш жобасының іске қосылуы бірнеше жылға созылды - ену 2004 жылдан басталды және республиканың екі қаласын қозғады: Астана және Алматыны. СЭЖМЖ тізбегінің жоғарғы буыны - Астана қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық бақылау комитеті болып табылады. Алматы қаласы бойынша басты атқарушы орган- санитарлы-эпидемиологиялық сараптама мен мониторингтің ғылыми-тәжірибелік орталығы (бұрынғы Республикалық санитарлы- эпидемиологиялық станция) болып келеді. СЭЖМЖ бүгінгі күндегі жағдайының суретін толық көру үшін, жүйе жұмысының бастапқы нәтижелерін бағалау мақсатында біз Астана және Алматы қалаларының санитарлы-эпидемиологиялық қызметтер өкілдерінің пікірлерін сұрадық.

Нақтылық, жылдамдылық, сапа

Астана бойынша ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық бақылау комитет департамент мүдірінің орынбасары Молдашев М.М. үлкен оң өзгерістерді атап өткен. «Өте маңызды екі өзгертулер- бұл алынған нәтижелердің ақиқаттылығы және уақыттың үнемделуі» - дейді ол. Бірінші нәтиже - мәліметтердің ақиқаттылығы - бұл сан мен көрсеткіштерді енгізудің компьютерлі автоматтандырылуы арқасында жүзеге асырылады. Қолмен жазылған есептер мен калькулятормен есептеудің орнына, жүйенің қатесіз және тез автоматты түрде есептеуі, есептеудің «адам факторын» толық жоюға мүмкіндік береді. Жүйеге мәліметтердің нақты, тез, автоматты түрде енгізілуі, жүйе ісіне кірістірілген барлық деңгейдегі медициналық қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді. Уақытты үнемдеу, бұл жүйе нәтижелігінің екінші көрсеткіші, өте жоғары. Осылай, Молдашев мырзамен берілген жұмыс хронометражына сәйкес, жүйенің жұмысқа ену уақытынан бастап, барлық көрсеткіштер бойынша уақыттың шығыны төмендеген. Мысалға айтсақ, СЭЖМЖ енуінен бұрын, қарқынды көрсеткiштердiң есебi екі минутты құраған, ал жүйенің ену кезінен бастап, ол уақыттың 30 секундын ғана алады. Жылдар бойынша сырқаттанушылық динамикасының есебін қалыптастыруға бұрын орташа 3-4 сағат кеткен.

Ал, қазір болса, есеп жарты сағат ішінде дайын болады. Бұл барлық көрсеткіштерге қатысты: шұғыл хабарлама алу, эпидемиологиялық картаны толтыру, инфекциялық аурулар бойынша қорытынды есеп құру, бақылау деңгейлерін есептеу, сонымен қатар мекеменің күнделікті жұмысының басқа да көптеген элементтері. Бұрында екі тәуліктен көп уақытты алған мәліметтермен жұмыстың жалпы көлемі, қазіргі кезде 2-3 сағат ішінде орындалуы мүмкін. Сонымен қатар, осының барлығы қатесіз сенімді есептеулер мен сандармен орындалады. Сонымен бірге, біз Алматы қаласының санитарлы-эпидемиологиялық сараптама мен мониторингтің ғылыми-тәжірибелік орталығының әлеуметтік- гигиеналық және басқарудың автоматты жүйе бөлімінің басшысы Г.Н. Казакованың ұстанымын білдік. Казакова Галина Николаевна жалпы СЭЖМЖ-ң жұмысын оң бағалайды. СЭЖМЖ енгізу бойынша жұмыс Алматы қаласында 2004 жылдан басталды. Галина Николаевнаның айтуы бойынша, сол кезде біз Денсаулық сақтау Министрлігімен өткізілген, денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін құрудың идеологиясын өңдеуде қатыстық, одан кейін жоба алды зерттеу жүргізілді.

«Жоба алды зерттеу республикалық санитарлық эпидемиологиялық қызмет негізінде жүргізілді,- деп түсіндіреді Галина Николаевна, - себебі бізде 90 жылдардан бастап санитарлы-эпидемиологиялық жағдайға мониторингтің автоматтандырылған жүйесі жұмыс істеді. Бұл 25 компьютерлі бағдарламалар кешенінен тұратын, салалы автоматтандырылған басқару жүйесі «Санитарлық эпидемиологиялық қызмет». Барлық бағдарламалар бағдарламалаудың бір тілінде, кілтінде жазылған, бірақ мәліметтер негіздерінің құрылымы және көлемі әртүрлі болып келеді».

Жеке бағдарламалық кешендер денсаулық сақтаудың басқа салаларында да қызмет етеді. Олардың барлығы өздерінің жергілікті міндеттерін атқарады және бір-бірімен аз әрекеттеседі. Сондықтан уақыт өте денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін құру міндеті туды, - дейді Казакова Г.Н.

Механизм іске қосылды

Денсаулық сақтаудың электрондық жүйесінің тәжірибелік пайдалануын жүргізу жайлы 06.10.2006 жылғы № 464 бұйрығымен келесі объектілер анықталған: Денсаулық сақтау Министрлігінің санитарлы- эпидемиологиялық бақылау комитеті, республикалық санитарлық эпидемиологиялық қызмет, Астана қаласы бойынша мемлекеттік санитарлы- эпидемиологиялық бақылау департаменті, Астана қаласы бойынша санитарлы-эпидемиологиялық сараптама орталығы, көлікте және бірқатар басқа да ұйымдардың мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық бақылаудың орталық департаменті. 2007 жылдың басында республикалық санитарлық эпидемиологиялық қызметте жүйе жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қажетті компьютерлі құрал-жабдықтар орнатылды, жергілікті жүйе жасалған, байланыстың бөлек каналы ұйымдастырылған. «Алматыда СЭЖМЖ бағдарламалық қамтамасыздандырылуының алғашқы болжамасы келтірілген және біздің мамандар оны тесттен өткізе бастады, бастапқыда сырттан ешқандай ақпарат алынбады,- дейді

Казакова Г. - Сөйтіп, жүйенің қателіктері мен кемшіліктерін анықталған, ал кейін олар өндірушілермен түзетілген». «Осылай қазіргі уақытқа дейін – деп жалғастырады Галина Николаевна.- Егер бізде ескертулер немесе ұсыныстар туған жағдайда, біз өндірушілерге жолығамыз, содан мәселені шешу бойынша шаралар қабылданады». Қазіргі уақытта жаңа болжамалардың 6 астам инсталяциялары саналады. Тестілеуде барлық саладағы мамандар қатысты. Кейін, СЭЖМЖ негізіне шынайы мәліметтер енгізіле бастады, сонымен қатар, медико-статистикалық жүйеден (МСС) инфекциялық ауруларға автоматты шұғыл хабарландырулар түсе бастады.

Қиыншылықтар жоқ, ұсыныстар бар

Жүйемен жұмыс істеуде қиыншылықтар бар ма,- деген сұраққа Галина Николаевна сенімді ұстанымды білдірді: «Қиын? Аса қиыншылық жоқ, - деді ол. - Әрине, іс жаңа, бірақ менің ойымша, жүйе өнеркәсіпті пайдалану тәртібінде жылдам «орнығады» және қызмет мамандарының тәжірибелік жұмысында ыңғайлы аспап болады. Себебі, бұл жүйе барлықтарымызда жұмыс істеу ыңғайлы болып, қажетті ақпаратты жылдам алу үшін жасалады». Оның айтуы бойынша, Алматы қаласында ұшқыш жобаны іске қосудың ең алғашқы күндерінен, Денсаулық сақтау Министрлігі республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясын толық түрде барлық қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті, бұл СЭЖМЖ ойдағыдай енуіне көпшілігінде мүмкіндік туғызды. «Біз бірден бағдарламаны пайдалана бастадық, онымен жұмыс істеу қызықты, бірақ әрине, түзетулерді қажет ететін жеке кездер анықталады,- деп мойындайды ол. - Қазіргі уақытта, ұшқыш пайдалану тәртібінде мамандарымыз формаларды толтырады, автоматты түрде есептерді қалыптастырады, жүзеге асырылған компоненттерді талдайды, нені жақсарту керек екендігін, не жетіспейтіндігін анықтайды. Яғни, әрбір маман өз деңгейінде жұмыс атқарады. Осы барлық ескертулер бағдарламаға қосылып, түзетіледі». Қазіргі уақытта, ақпаратты қайталап көшіру қажеттігіне, яғни жүйеге қажетті мәліметтерді енгізу автоматты түрде жүреді, бірақ бұдан басқа жазбаша есептілік жүретіндігіне Галина Николаевна оң қарайды.

Бұл жайт жұмыстың барлық деңгейлерінде, тек санитарлы-эпидемиологиялық жағдайдың мониторинг жүйесінде ғана емес, бүкіл ДСБАЖ-де де жиі негативті бояуларда көрінеді. «Мен 15 жылдан астам уақыт автоматтандырылған жүйелермен жұмыс істеймін, және де менің ойымша қағаз есептілігінен бас тарту қиын болады, себебі, кез-келген жаңа істе белгілі бір қателіктер даму мүмкін. Олардан құтылу үшін, әрине, алғашқы уақытта ақпаратты қайта көшіру тура келеді»,- деп сенімді Казакова Г.Н. СЭЖМЖ жұмысында Галина Николаевна аса қиыншылықтарды тапқан жоқ, бірақ кейін жүйе қалай даму қажеттігін, қандай қиыншылықтарды тосу керек екендігін, өзінің жорамалдарымен бөлісті. «Осы жүйе бүкіл мемлекетті қамтығанын елестетіңіз,- дейді ол. - Яғни, әрбір жұмыс орнында қуаты жеткілікті компьютор болу қажет. Байланыс каналдарын жан-жақты зерттеу керек. Бұл үлкен техникалық жұмыс, ал компьютерлер тез ескіреді. Құжаттарды енгізудің жаңа электрондық тәсіліне мамандарға үйрену тура келеді, қиыншылық осында. Бірақ мен ойлаймын, осының барлығын жеңуге болады, себебі, бұл бағдарламаның теріс жақтарына қарағанда, оң жақтары көп. Барлығы іске қосылғанда, оның артықшылықтары мен нәтижелігі айқын көрінеді».

Дүниежүзінде бізге ұқсас жүйе жоқ

Қазақстан өндірушілерінің жаңа жүйемен мақтануға толық негіздері бар. ДСБАЖ қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі үшін есептеу нүктесі болды, бірақ одан басқа жалпы денсаулық сақтаудың ақпараттандыру саласында үлкен жетістік болды. «Денсаулық сақтаудың ақпараттандырылуының қазақстандық жүйесі шындап та бірегей,- деп айтады Молдашев Мейрамғали. – Канада және Австралияда іссапарда болып, бізге осыған ұқсас жергілікті жобаларды көрсеткен, бірақ қазақстандық бағдарламадан айырмашылығы, олар бөліктерге бөлінген және бүтін ретінде өзара әрекеттеспейді. Жұмыстың ортақ механизмі оларда салынбаған. Осының арқасында біздің елімізде қабылданған жаңа енгізулердің үлкен қажеттілігі мен маңыздылығын айтуға болады». Қабылданған жүйенің негативті жақтарымен қақтығыстыңыз ба, деген сұраққа Астана қаласының МСЭБКД мүдірінің орынбасары теріс жауап қайтарды. «Жұмыс тәртібінде СЭЖМЖ-мен өзара әрекеттесу кезінде, бағдарлама жұмысының тізбегінде біздің мекеме бірқатар дәлсіздіктерді анықтаған. Біздің барлық ұсыныстарымыз жүйеге кейінгі зерттеуге жіберіледі, оны «Денсаулық сақтаудың ақпараттандыру орталығы» жүргізеді, сонымен қатар ол біздің қызметкерлерді жаңа бағдарламаға үйретуді қамтамасыз етеді. Біздің барлық ұсыныстарымыз және ескертулеріміз өндірушілермен уақытында есепке алынған және түзетілген». «Техникалық жағынан,- деп қосады Молдашев М.,- жүйеге талаптар мен ескертулер бізде жоқ. Ол үлкен көмекші болды. Сонымен қатар, формаларды толтыру және есептерді құрастыру механизмі қиын емес. СЭЖМЖ-мен жұмыс істеу оңай».

Жоғары ұшатын ұшқыш

Алғашқы мәліметтер бойынша, 2010 жылдың соңынан Ақмола облысы бойынша ДСБАЖ енгізуді бастау жоспарланады, 2011 жылға таяу Қарағанды қаласы және Қарағанды облысы бойынша игеру басталады, кейін кезек бойынша Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары тұр. Жайырақ ол елдің барлық аймақтарын қамтиды. Осылай жүйе Қазақстанның медициналық ұжымдарының және денсаулық сақтау органдарының әрекеттерін бір қалыпқа салып, оларға бірыңғай ырғақта жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, бір бірыңғай құрылымның басқармасына бағындырып, барлық республиканы толық біріктіреді.

Автор:
Тамара Овчинникова, Марина Петренко