Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Домбыра күні


12 июля 2019, 04:48 | 1 489 просмотров



Қарасай  аудандық орталық  ауруханасы ұжымы «Домбыра күні» ұлттық мерекесін  атап  өтті. Мереке арналған салтанатты іс-шараға перзентхана ғимаратында аудан әкімдігі,Ардагер аналар арқасы,қоғамдық ұйым,бұқаралық  арқарат құралдары өкілдері арнайы шақырылдыі.Іс-шара  аясында аурухана  кәсіподақ ұйымының ұйымдастырумен осы күні дүниеге келген  сәбилерге қазақтың ұлттық музыкалық  аспабы «Домбыраны» тарту ету рәсімі жасалды. Жеті жас  анаға ұлттық құндылықтарды сәбидің санасына алғашқы күндерден астап сіңіру,өскелең ұрпақты  өнер мен мәдениетке баулуға, сәби мен ананың денсаулығын сақтауға пайдалы кеңестер беріліп, құттықтаулар айтылды. Шара барысында ән шашуда болды.

Домбыра мұнша  шешен болдың неге

Күй толған көкірегің шежіремен

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе,-деп аудандық мәдениет бөлімінен арнай келген өнерпаздар жас аналар мен қонақтарды домбыраның әсем үнімен баурап алды.

Ақ халатты абзал жандар кәсіби міндеттері мен қоғамдық іс-шараларды қоса алып жүргені үшін,осындау іс-шара өткізгені үшін жас аналардың алғысын алды.

 

 

 

Автор:
Қарасай аудандық орталық аурухана дәрігері Таждинова Дана