Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Самұрық-Қазына» Татарстанмен бірлесе мұнай-химия саласын дамытады


11 июля 2019, 09:31 | 543 просмотра



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Татарстан президенті Руслан Минниханов кездесіп, маңызды құжатқа қол қойды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Тарқатып айтсақ, кездесу кезінде екі тарап мұнай-газ, химия өнеркәсібі бағыттарындағы ынтымақтастықтың болашағын жан-жақты сөз етті. Соның ішінде, Қорға қарасты «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ мен ресейлік ірі мұнай компанияларының бірі – «Татнефть» арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қол қойылып отыр.
Осы меморандум арқылы екі жақ Қазақстандағы мұнай, газ-химия нысандарын жобалау, оларды қайта жаңғырту, осы салаға жаңа мұнай өндіретін цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған жобаларды ынтымақтаса жүзеге асыруға келісті.

«Самұрық-Қазына» Татарстанмен бірлесе мұнай-химия саласын дамытады

Татарстандағы мұнай-химия өнеркәсібі мұнай өндірудегі ең дамыған елдердің бірі екенін ескерсек, бұл бастама Қазақстанның мұнай өңдеу саласына тың серпіліс беретіні анық. Өз кезегінде, Татарстан президенті Руслан Минниханов та шетелдік әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы сауда миссияларының маңызды рөлін атап өтті.
Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» қорының Татарстан астанасы Қазан қаласындағы «Инополис» атты инновациялық орталықпен болашақта тығыз ынтымақтастық орнатуға ниетті екені белгілі болды. Сондықтан, екі тарап ғылыми, жоғары технологиялық экожүйелерді құру, бизнес-модельді қалыптастыру бағыттарындағы жобалар мен сол жобалардан күтілетін нәтиже, инвестиция тартуда тәжірибе алмасу бағыттарын сөз етті.
Дереккөзіне сүйенсек, кездесу соңында Қор басшысы Ахметжан Есімов Татарстан президентіне Қазақстандағы жекешелендіру бағдарламасын таныстырған.
Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» қоры ел Үкіметі 2015 жылы қабылдаған кешенді жекешелендіру науқанына қатысып келеді. Жоспарға сәйкес, Қорға қарасты компаниялар тобы активтерінің 80% астамы жүзеге асырылды. Жекешелендірудегі ең маңызды қадам ретінде «Самұрық-Қазына» қоры «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының 15% қатысу үлесін 2018 жылдың қараша айында IPO-ға орналастырған. Алдағы жылдары Қордың 8 негізгі компанияларының акцияларын биржаға орналастыру немесе стратегиялық түрде сату жоспарланып отыр.

Автор:
https://jasqazaq.kz