Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Талдықорғанда суға аққан қыз 5 күннен бері табылмай жатыр


9 июля 2019, 10:05 | 1 474 просмотра



ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда 5 күн бұрын суға ағып кеткен 2004 жылғы Айнагүл Сқақбай Нұржанқызын іздеу жұмыстары жалғасуда.  Қазір жасөспірімді іздеуге 300-ге жуық адам жұмылдырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іздеу жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 120 адам жұмылдырылды. Оған қоса еріктілер мен әскерилер барлығы 300-ге жуық адам қыз баланы іздестіріп жатыр. Олар Қаратал өзенінің арнасын бұрып іздеді. Өзеннің  62 шақырым жағалауы толықтай тексерілді. Сүңгуірлер де іздеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Бірақ әзірге қыз бала табылмады», - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев. Айта кетейік, 5 шілде күні 14 жастағы Айнагүл Қаратал өзеніне ағып кеткен. Оқиғаға оның 7 және 11 жастағы туыстары куә болған.


Автор:
https://www.inform.kz