Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Замана ауруларының» себептері!


10 сентября 2010, 10:48 | 5 068 просмотров



«Елу жылда ел жаңа» демекші соңғы елу жылда адамзат өмірі қатты өзгерді. Технология заманы бүкіл әлемге толығымен өзгеріс енгізді. Әсіресе бүгінгі медицина саласына. Жаңа технология арқсында бұрын ғасырлар бойы емі табылмаған дерттерге дауа табылды, адам өміріне араша болу мүмкіндіктері де ұлғайды. Бұл әрине технология дәуірінің жақсы тұстары. Алайда, технология дәуірінің пайдасымен қатар зиян тұстары да жоқ емес.

Адам ауасыз өмір сүре алмайды. Ауа адам өмірінің негізі. Біз күніне 19 000 рет тыныс аламыз, ағзадағы әрбір жасушамыз ауаны қажет етеді. Бізді қоршаған орта өндірістік-тұрмыстық қоқыстарға толы, тыныс алатын ауамыз түрлі зиянды заттармен ластанған. Ауаны, әсіресе, автокөліктер ластайды. Үлкен қаланың атмосферасынының құрамында токсикалық заттар шамадан тыс мөлшерде кездеседі. Қоршаған ортаны фабрика, зауыттар қалдықтары, түрлі құрылыстар, зиянды газдар да ластайды. Міне, осылардың барлығы жалпы алғанда адам ағзасына және негізінен тыныс алу мүшелеріне қосымша зиян тигізеді. Сонда қазір заман адамының өмір кешіп және еңбек ету ортасы жақсы деп айтуға келмейді. Ауаны тазарту біздің ғаламшар тұрғындарының баршасының негізгі мәселесі болуы тиіс.

Судың, топырақтың ластануы біз қорек ететін тағамның құрамында пайдалы заттардан қарағанда зиянды заттардың ұлғайуыны әкеп соқтырады. Осыдан елу жыл бұрын өскен бидайдың құрамында 20-30 % ақуыз болса, қазіргі бидайдың құрамында тек 8-10% ғана бар. Қазіргі топырақ құрамында йод, темір, цинк, хром секілді заттардың азайуы салдарынан пайдалы жеміс пен көкөністерді өсіру мүмкін болмай отыр. Топырақ пен көкөністер құрамында гербицидтер, инсектицидтер, фунгицидтер сияқты заттар көбейіп кетті. Осының салдарынан мысалы тек АҚШ-тың өзінде егін егетін қабаттың 55% жарамсыз болып отыр. Бұл , әрине, қорқыныш туғызады. Себебі, табиғатта бір кішкентай сантиметрлік жердің қалыпқа келуі 500 жыл уақыт алады. Сонымен қатар мал- жануарларда зиян шегуде. Себебі олар дәл сол жерлерде өсетін өсімдіктермен қоректенеді.

Ал біз пайдаланытын азық түлік құрамында консерванттар, синтетикалық қоспалар, иістеуіштер, түс беретін жасанды заттар, эмульгаторлар және де басқа химиялық дәмдеуіштер бар. Адамға аса қатты зиян тигізетін заттар ол қант. Кетчуп, майонез, түрлі соустар, консерврленген жеміс пен көкөністерде жасырын қант өте көп кездеседі. Осындай жасырын қанттар адам ағзасына кері әсер береді және пайдалы заттардың ағзаға сіңуіне кедергі келтіреді. Иістеуіштер мен түс беретін заттар химиялық, синтетикалық заттардан жасалады. Бұл заттар адам ағзасына токсикалық әсер беруі мүмкін, және бұл затттардың болашақта адам өміріріне тигізетін зияны толыққанды анықталмаған. Соңғы отыз жыл ішінде түс беретін жасанды заттарды азық -түлікке қолдану он есе ұлғайды. Жыл сайын адам баласы азық -түлікпен ондаған тонна химиялық түс беретін заттарды пайдаланады. Ал осындай 7 түс беруші заттың 4-і жануарларда рак ауруына шалдықтырады.

Улы заттармен ластанған топырақ, ауа, су біздің ағзамызға өте қауіпті әсер береді. Осының барлығы жаңа заман адамының жаңа «заманауи ауруларының» пайда болуының басты себебі. Ал екінші себебі тамақтану негізінің өзгеруінде жатса, үшінші себебі қазіргі өмір салты болып отыр. Осы мәселедегі екінші себепті тамақтанудың өзгеруін қарастырып көрейік. Техника дамыған сайын тамақтану негізі өзгерді, яғни, тамақтану уақыты мен тәсілі, тәртібі өзгерді.Қазіргі заман адамының дұрыс тамақтануға уақыты жоқ. Отбасымен кешкілік ас ішіп немесе асықпай түстенетін адамдар кемде кем. Керісінше уақыттың жеткіліксіздігінен көше жағалай жеңіл желпі жүрек жалғайтындар көбейді. Қазіргі заман адамы үшін асхана, кафелерден тез дайындалатын тағамдармен қоректену үйреншікті жағдай. Көпшілік тіпті таңғы асын ішуге де үлгермейді, кейде тіпті кешті асты да мүлдем ішпейді. Тағам дайындаса да жартылай фабрикаттардан әзірлейді. Ал осының барлығы ағзаның биоритмикалық фазасын бұзады. Асқазанның дұрыс жұмыс істемегенінен, ағзамыз да толыққанды дем алмайды. Нәтижесінде ағзамыз демалмағандықтан, тыныс тарылып жүрек ауырады. Дәл осылай тұрыс тамақтанбау салдарынан уақыт өте келе адам ағзасы толығымен бұзылады. Егер адамзат осыдан әріқарай өзіне, тамақтану тәртібіне немқұрайлы қарай беретін болса, бірнеше дәуірден кейін адамның биологиялық түр ретінде жойылып кетуі де әбден мүмкін. Ас адамның арқауы. Сонау Гипократтың өзі асты дәрі дәрмекпен салыстырған. Дұрыс тамақтанбау, дәріні дүрыс қабылдамау сияқты өз салдарын әкеледі.

Үшінші себеп қазіргі өмір сүру салты. Жүйкенің тозуы, аз қозғалу салты. Бүгінгі өмір сүру уақыты қиын десек болады. Жұмыс жасау, оқу оңай емес. Жүйкенің шаршауы, стресс дұрыс ас қорытуға кедергі болады. Алаңдау, сабырсыздық, ашуланшақтық барлығы да асқазанды ауыртып, жүрек соғсының тез соғуына әкеледі. Тез ашулану шын мәнінде денсаулыққа өте зиян болып келеді.

Қазіргі адамдар жайлы жасандылықта өмір сүреді. Шын мәнінде ондай жайлы өмір адамның физикалық табиғатына сай келмейді. Урбанизация қамы қазіргі адамдарды пассивті, қозғалыссыз тіршілік кешуге мәжбірлеп отырғандай. Тез жүретін көлік, ақапараттық желілер, лифттер адамдарды әбден еркелетті десек болады. Егер спорттық жаттығулармен айналыспай, аз қозғала беретін болса адамдарда ештене істемегендіктен атрофиялық күйге ұшырайды. Себебі, адам ағзасы қимылдау керек, физикалық қозғалыссыз адам денсаулығы тез нашарлайды. Аз қимылдау, бұлшық еттерге жөнді салмақтың түспегеннен ағзаның функционалдық мүскіндіктер бәсеңдейді, жүректің жұмысы нашарлайды.

Жоғарыда айтылған ақпараттар барлығымызға дұрыс тамақтанбағанда, эмоционалды стрессте, аз қозғалатын кезде қандай қиындықтарға ұшырауға болатынын көрсетті. Ең бастысы бос отырмау. Күнделікті өміріңізді қадағалау, өзгерту. Адам өз денсаулығына, ағзасына немқұрайлы қарамай, дұрыс көңіл беру керек. Ал қалғаны өзі қалпына келеді. Қазірден бастап өзіңізге көңіл бөліңіз, өмір жасыңыз ұзақ болсын десеңіз!

Автор:
Мадина ОМАРКУЛОВА