Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: ГКП на ПХВ "Карасйская центральная районная больница",

«Ана сүті-денсаулық бұлағы»


5 июля 2019, 06:03 | 1 155 просмотров



Қарасай  ауданы орталық  ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің  дәрігері Дана Таждинова балалар бөлімінде аналармен «Ана  сүтінің 10-артықшылығы» тақырыбында  денсаулық  сабағын өткізіді.Сабақтың мақсат, 3 жасқа дейінгі  сәбидің денсаулығын  сақтау  мен  нығайтудағы ана  сүтінің тиімділігіне  көпшіліктің назарын  аудару болды.Бүгінгі  таңда көптеген  жас аналар  әртүрлі себептермен сәбиді ана сүтінен ерте  айырады,сәбиге  жасанды  тамақтандыру жолдарын қолдану  арқылы, өздеріне  еркін  беруге тырысады.Олар  сәбиге ана  сүтін ауыстыратын бірде бір қосымша  тағам жоқ екендігін білмейді. Ана Сүті  -денсаулық бұлағы десек болады.Себебі ана сүтінен бала  ауруға қарсы тұру қасиетін алады.Табиғи иммунитет тек ана  сүтімен беріледі және оның  құрамын бірде-бір дамыған ғылыми жолмен жасап шығару мүмкін емес.Майлылығы мен құнарлығын және табиғи балғындығын ешбір тағам ауыстырмайды және санитарлық тазалық жағынан қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Ана сүті үнемі таза,балғын күйінде сәбидің асазанына барып,ол жерде  жеңіл қорытылып,ағзаға  қажетті қуат беріп дененің дұрыс және жылдам өсіп жетілуіне,психикалық денсаулығының  қалыптасыруна  жағдай жасайды.Оның құрамы табиғи жолмен минералдар,микроэлементтер,көмірсу мен нәруыз,майларға байытылған.

Ал жасанды тамғамдарға  келсек,олардың құрамындағы  көмірсулар мен дәмдеуіштердің көп боуына байланысты  сәбилер оған тез үйреніп,сүйсініп ішеді,бірақ оны   дайындау,балаға беру кезінде белгіленген  ережелер сақталмаса,баланың  асқазан  ішек жолдарында мәселе  туындауы мүмкін.Солардың бірі және жаз мезгілінде жиі кездесетіні  жіті ішек  жұқпалары.Жасаанды тағамды дайындайтын ыдыс-аяқ,пластик бөтелке,резина емізік дұрыс  жуып тазаланбаған жағдайда ,ішек жұқпасы пайда болады.Қайнамаған  су,жылытылған тағам баланың  асқазан ішек жолдарында әртүрлі бұзылысытар тудырып,ауру шақырады.

      Бұл ана  сүтін тиымділігін дәлелдейтін  көптеген себептардің бірі ғана. Сондықтарн  салауатты өмір салтын кабинетінің дәрігері жас аналарға сәбиге 6 айға дейін  қосымша тағамды мүлдем бермеу, баланы 2 жасқа дейін емізуге кеңес беру мақсатымен денсаулық сабағын жиі-жі өткізіп,санитарлық ағарту жұмысын жүргізуде.

 

Автор:
Қарасай аудандық орталық ауруханасы дәрігері Таждинова Дана