Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сыбайлас жемқорлықпен күрес


5 июля 2019, 04:39 | 574 просмотра


Сыбайласжемқорлық – бұлжағымсызқұбылыс. Олқоғамныңнегіздеріненұқсанкелтіреді, дамуынақауіптөндіреді, мемлекеттікоргандарғадегенсенімдітөмендетеді, экономиканың, қоғамныңсалиқалылығынбұзады. Адалнемесеазғынмемлекеттеөмірсүруіміз – сіз бен бізгебайланысты.

Көпқырлы сыбайлас жемқорлықтың қоғамның барлық салаларына әсерін тоқтату үшін, жүйелі түрде мемлекет, қоғам, ең бастысы әр адам болып түп-тамырымен жоюға үлес қосуымыз керек.

Сыбайлас жемқорлықтың негізгі белгілері: тараптардың өзара келісуі; өзара міндеттемелердің болуы; тараптардың өзара тиімділік және артықшылықтарға ие болуы; дұрыс қабылданбаған шешім заң бұзушылыққа немесе моральдық негіздерге қайшылық етеді; ортақ мүддені саналы түрде жеке бас пайдасына асыру; екі тараптың өз іс-әрекеттерін жасыруға ұмтылуы болып табылады.

«Ашкөздік қызғаныш тудырады», «Ашкөздік жоқ жерде – күнә жоқ», - дейді халық даналығы. Билікке ие адамның жеке бас пайдасын асыру мүмкіншілігін пайдаланып қалудан бас тарту оңайға тимейді. Бәрімізге белгілі, бүгінгі таңда біздің қоғамымызда бақылаудың жоқтығынан шенеуніктер арасында жемқорлықтың түрлі көріністері өркендеп отыр. Бұндай зиянкестіктер өмір салтымызға, әсіресе құқықтық мәдениетіміздің ыдырауына кері ықпалын тигізуде.

Алакөл аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін

бақылау басқармасының

ұйымдастыру-құқықтық жұмыс

және мониторинг бөлімінің

бас маманы   Р.М.Жумабаева

Автор:
Р.М.Жумабаева