Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Бақытжан Сағынтаев «Жас қанат» үйлеріне отандық материалды қолдануға пәрмен берді


2 июля 2019, 05:23 | 1 260 просмотров



НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әкімдер атаулы әлеуметтік көмек бергенде нормативтік рәсімдерді қатаң сақтауы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 қыркүйектен бастап тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға 5 мың  нысаналы білім гранты қосымша бөлінеді. Жұмысшы мамандықтардың шәкіртақысы  30 пайызға артады. Әкімдер Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, осы гранттарды беруді қамтамасыз етсін", - деді ол. Асқар Мамин Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмек беру мәселесін ретке келтіруді тапсырғанын атап өтті. "Сондықтан барлық әкімдерге бүкіл нормативтік рәсімдерді қатаң сақтауды, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мониторинг жүргізуді тапсырамын", - деді Үкімет басшысы. Мұнан бөлек Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігіне "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, 1 ай мерзімде халықтың табысын арттыру мақсатында өңірлерде скрининг жүргізу әдістемесін Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы және Түркістан облыстарындағы оң тәжірибесін ескере отырып бекітуды тапсырды. "Сонымен қатар  облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда скрининг жүргізу бойынша жоспар әзірлесін және бекітсін. Өңірлердің әкімдерін осы жоспар бекітілген кезден бастап кәсіпкерлер мен үй шаруашылықтары арасында сауалнама  жүргізуді қамтамасыз етсін", - деді Асқар Мамин.