Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: ГКП на ПХВ "Алакольская центральная районная больница"

Отбасын жоспарлау тақырыбында мақала


1 июля 2019, 04:54 | 1 864 просмотра



Қарасай аудандық орталық ауруханасының жастардың денсаулық орталығының мамандары  "Отбасын жоспарлау" тақырыбы аясында болашақ аналармен денсаулық сабағын өткізді.Сабақтың  барысында жүкті әйелдерге репродуктивті денсаулық, психологиялық денсаулық, ана сүтінің артықшылықтары,отбасындағы қарым-қатынас туралы пайдалы ақпарат берілді. Дәрігер Дана Таждинова  сұрақ -жауап тәсілімен репродуктивті денсаулықты сақтау, жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтану,дене белсенділігі, түсікті болдырмау,жыныс жолымен жұғатын инфекциялардың алдын алу, адам иммундық тапшылық вирусы деген не,оның  жұғу жолдары  туралы әңгімелеп,психолог Сауле Султангалиева мен Ұлбике Зуфтарова  ситуациялық жағдайлар ұсынып,психологиялық  тесттер қолдану  арқылы қатысушылардың медициналық білімін  арттыруға тырысты.Қатысушылардың ой түбінде жүрген  жүктілікті кезіндегі  болашақ ананың ағзасындағы  физиологиялық және психологиялық өзгерістер жайлы сұрақтарға жауап берілді.Тақырыпқа  сәйкес сауалнама жүргізілді. Перзентхана бөліміндегі аналар мектебінде осындай денсаулық сабақтары  жүйелі  түрде өткізілуде,себебі  ана мен бала денсаулығы қатаң бақылуға алынған және аналардың денсаулығына жауапкершілігін ояту ерекше назарға алынған мәселе болып тұр.

Автор:
Ақпаратты әзірлеген дәрігер Дана Таждинова