28 июня 2019, 04:29 | 1 289 просмотров
Панфилов ауданы,Көктал ауылы тұрғындарының арасында медицина қызметкерлері мен ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты тұрғындар арасында туберкулез,қатерлі ісік,нашақолық туралы халыққа ақпарат беру,аурулардың алдын алу,ерте анықтау,аурудың туындауына жағдай жасайтын қауіп факторларының дамуын ескерту,зиянды әдеттерден арылу,дұрыс тамақтану,жылына 1 рет дәрігерлік тексеруден өту,өз денсаулықтарына көңіл бөу туралы түсіндіру.салуатты өмір салты насихаттау. Дөңгелек үстелді ауыл әкімі Нурелов Бақыт Байкенұлы ашып,бағдарламамен таныстырды. Фтизиатор дәрігер Иманқұлова Бақыт Жұмақанқызы «Туберкулез ауруының белгісі,емі, жұғу долы,алдын алуы» туралы ақпарат берді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлмесінің маманы Г.Оразбақова «Туберкулез туралы» сауалнама алып, бейнероликтер көрсетті. Салауатты өмірді таңдау дегеніміз-аурулардың алдын алу,шылым шекпеу,арақ ішпеу,есірткі қолданбау,яғни спортпен айналысып,шынығу. Дөңгелек үстелдің келесі тақырыптары:Нашақорлық дегеніміз не? және қатерлі ісіктің алдын алу туралы тұрғындарға ақпарат дәріс оқылды. Соңынан үн парақшалар таратылып,роликтер көрсетіліп,сұрақ-жауап арқылы тұрғындармен пікір алмастық. Көктал ауылдық ауруханасының меңгерушісі Ушбаева Элмира Сағымбекқызы медицина қызметкерлері мен тұрғындар арсындағы жұмыстары жайында ,аурулардың алдын алу бойынша өз пікірін айтып өтті.
Б.Байкенұлы қатысқан тұрғындаға ризашылығын білдіріп,өз ойын «Денсаулық тазалық кепілі» яғни тазалық бар жерде ешқандай ауру болмайтынын және өз денсауілықтарына көңіл бөліп отырса барлық аурудың алдын алатынын айтып,қорытындылады.