Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: ГКП на ПХВ "Панфиловская центральная районная больница"

Есірткіге жол жоқ! Атты акция


28 июня 2019, 04:26 | 2 237 просмотров



Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткілер айналысымен  күрес күні және оған орай«Жақсы әдеттер марафоны!»ұранымен 1 маусым мен 1 шілде аралығында айлық өткізілуіне байланысты, 26 маусым –Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнінде Жаркент қаласы медициналық колледж «Диана» студенттерінің арасында, «Есірткіге –жол жоқ!» атты тақырыпта акция СӨС маманы Лязат Шалимбаеваның және колледж ұстаздарының бірлсесе ұйымдастырумен өткізілді.

Акцияның мақсаты:

- нашақорлықтың алдын алу мәселелері жөнінде жастардың ақпарат алуын арттыру , ПБЗ-ді тұтынудың алдын алу тәсілдері жөнінде өз ойларын, пікірлерін білдіру мүмкіндігі ,  өзекті мәселелерді шешудің болжалды жолдарын ұсыну,  жеке жетістіктерді (спорттық жетістіктер, салауатты өмір салты, дарындыларды шығару, мұқтаждарға көмектесу және қолдау, өзін-өзі дамыту және т.б.) талқылау. Акцияда нашақорлықтың алдын алу туралы бейне-роликтер көрсетіліп парақшалар бүктемелер таратылды. Акцияда салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Лязат Самовантқызы студенттерге «нашақорлықтың түрлерін, оның әсіресе жасөспірімдер денсаулығына зияны туралы, нашақорлықтың емі, кальяның, темекінің, алкогольдің зияны туралы баяндама жасады.  Өз өмірің өз қолыңда! атты тренинг өткізді. Акция қамтылған студенттер саны-29.

 

 

 

 

Автор:
Лязат Шалимбаева, ШЖҚ «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» МКК салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің маманы