Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Вирустық гепатиттердің алдын алу!


28 июня 2019, 04:19 | 1 536 просмотров


                  Қазақстан барлық өңірлерінде вирусты гепатит аурулары кең таралған. Вирусты гепатит – бауыр зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.Вирусты гепатиттерге этиологиясы, яғни қоздырғыш түрлері бойынша және клиникасы бойынша әр түрлі аурулар жатады. Олар: «А», «В», «С» «Д» және «Е» вирусты гепатиттері.

«А» вирусты гепатитімен көбінесе 10-17 жастағы балалар жиі ауырады, «В» және «С» вирусты гепатиттері  20-35 жас аралығындағы ересектер арасында жиі тіркеледі. Өкінішке орай ,«В» және «С» вирусты гепатиттері өте ауыр ағымда өтеді, аурудың асқытуы созылмалы гепатит, бауыр циррозы, бауырдың қатерлі ісігі болуы мүмкін.

Вирусты гепатиттердің барлық түрлерінде ауру көзі науқас адамдар болып табылады, ал парентеральды гепатиттерде (қан арқылы жұғатын – «В» және «С» вирусты гепатиттері) – аурудың созылмалы түрімен ауыратындар және вирустасымалдаушылар. «В» және «С» вирусты гепатиттері парентеральды, жыныс және вертикальды (анадан балаға) жолдармен берілуі мүмкін. Тұрмыстық жағдайда жеке заттарды (тіс щеткасы, маникюр жиынтығы, ұстара) қолдану кезінде жеке бас гигиенасын сақтамау нәтижиесінде жұғуы мүмкін. Вирусты гепатиттерін «А» түрін алдын алған әлдеқайда оңай. Бірінішілік профилактика  –жеке гигиена ережелерін сақтау: тамақтанудан  алдын және дәретханадан кейін қолды сабынмен жуу, көкөністер мен жемістерді жуылғаннан кейін тұтыну, ауыз суының қауіпсіздігіне көңіл бөлу. Вакцинация  - «А» және «В» вирусты гепатиттерінің алдын алу шараларының ең тиімдісі. Жыл сайын  егу күнтізбесіне сәйкес «А» вирусты гепатитке қарсы вакцинамен 2 жастағы жүздеген балалар егілді. «В» ВГ қарсы вакцинамен 1 жасқа дейінгі балалар және  нысаналы топтағы  ересек тұрғындар егіледі.

Вакцинопрофилактиканың арқасында соңғы жылдарда «А» және «В»  вирусты гепатитімен аурушаңдық бірнеше  есеге азайды.

Жаппай алдын алу шаралары: балаларды «А» және «В» вирусты гепатиттеріне қарсы вакцинацияның толық курсымен қамтамасыз ету;

«В», «С» вирусты гепатиттерден сақтану үшін:кездейсоқ жыныстық қатынастарды болдырмау, мүшеқаптар қолдану,тұрмыстық және жеке гигиеналық заттарды жеке қолдану, үйде немесе арнайы орындарда жасалатын маникюр, педикюр және татуаж қызметтерінен аулақ болу.

Егер тексеру кезінде  Сізде «В», «С» вирусты гепатиттері анықталған болса,емдеу шараларына жүгініп, косметолог қызметін алғанда және тіс дәрігеріне қаралу  кезінде өзіңізде вирусты гепатит ауруы бар екенін ескертіңіз!

 

                 

Автор:
Дана Таждинова, Қарасай аудандық орталық ауруханасы дәрігері.